Жаңалықтар

Медиа орталық

Британдық инвесторлар түтінсіз отын өндіру зауытын салуға мүдделі

Астана қаласында 9 қазанда «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқармасының төрағасы Сапарбек Тұяқбаев пен CPL Industries Group Ltd бас директоры Роб Кендалмен екіжақты кездесу өткізді. Кездесу барысында британдық бизнесмендер отынның жаңартылған түрлерін пайдалану саласындағы озық технологияларды таныстырды.

CPL Industries Group Ltd компаниясы Еуропадағы тұрмыстық тұтынуға арналған түтінсіз отын өндіруде көш бастап тұр. Компания 1973 жылы Британдық көмір корпорациясы аясында негізін қалады. Имменгем қаласындағы (Ұлыбритания) зауытта ағымдағы жылдық өндіру 350 мың тоннаны құрайды. Фойнс қаласындағы (Ирландия) жаңа зауыттың да 350 мың тонна қуаты бар. CPL көмірсу регенерациясы, ағаштан бұйым, аралас отынды қоса алғанда, отының жаңартылған түрлерін пайдалану саласындағы ауқымды қызметті жүзеге асырады.

CPL Industries компаниясының өкілдері Қазақстандағы түтінсіз отын бизнесін дамытуға мүдделілік танытты және ҚР аумағында брикеттер өндіру бойынша құрылыс салуға инвестиция құю мүмкіндігін қарастырады. Осы жобаны одан әрі іске асыру үшін таяу уақытта «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және CPL Industries Group компаниясы арасында меморандумға қол қойылады. Келешекте өнімді ТМД елдеріне экспорттау жоспарлануда. 

Өз кезегінде «KAZAKH INVEST» басшысы Сапарбек Тұяқбаев Ұлыбритания тауар айналымы көлемі бойынша алдыңғы қатарлы 10 сауда әріптестер қатарына, сондай-ақ ҚР ірі инвесторлар алтылығына кіретінін атап өтті, бұл тартылған шетел инвестициясының барлық көлемінің 5 пайызын құрайды. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы екіжақты тауар айналымы 2017 жылы 1,5 пайызға артып, 1,28 млрд долларды құрады. Экспорт 926,7 млн долларға артты. 2018 жылғы бірінші тоқсанда өзара сауданың жалпы айналымы 252,7 млн долларды құрады, импортпен экспорт 158,8 млн. тиісінше 93,8 млн долларды құрады. ҚР-да британдық қатысумен 800-ден астам заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелді. 

Кездесу қорытындысы бойынша диалогқа қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания арасындағы экономикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделілікті атап өтті.