Медиа орталық

Жаңалықтар

Қазақстан Дүние жүзілік банктің 2019 рейтингіндегі орнын біршама жоғарылатып, 190 мемлекеттің ішінде 28 орынға шықты

Бюрократияны қысқартудың біршама жетістіктері, бизнесті тіркеуді жеңілдету және инвесторларды қорғау еліміздің алғашқы рет топ-30 құрамына қосылуына алып келді. Небары 5 жыл уақыт ішінде Қазақстан 25 орынға алға жылжып, Франция, Польша, Жапония, Түркия және Нидерланды секілді мемлекеттердің озық экономикасынан асып түсті.

Дүние жүзіндегі әр түрлі мемлекеттердегі бизнесті жүргізудің жеңілдігін қадағалайтын Дүние жүзілік банктің бизнес есебі Қазақстанды «реттеудің ең озық көрсеткіштерін қамтамасыз ететін экономика» ретінде көрсеткен және оның ұсақ акционерлер құқығын ауқымды қорғауын атап өткен.

Үкіметтік реформа бағдарламаларының нәтижесінде, қазіргі уақытта Қазақстанда бизнес ашу үшін бар болғаны 5 күн уақыт жұмсалады, аймақ бойынша орташа көрсеткіш 11 күнді құрайды. Дүние жүзілік банк реформалар бұрынғыдай Қазақстанда дұрыс салаларда жүргізіліп отырғанын және шағын және орта бизнесті басқару жеңілдегенін атап көрсеткен.

Қазақстанға нақты басымдықты Еуропа мен Азияны байланыстыратын стратегиялық құрлық дәлізі беріп отыр, шекара арқылы сауда жеңілдетілген. Өткен жылы үкімет электронды сауда декларациясы жүйесін енгізген, сонымен қатар, әкімшілік кеден алымын азайтқан, осы екі реформаны Дүние жүзілік банк мақтанышпен атап өтті.

Қазақстандағы жол және темір жолдар желісіне инвестицияның біршама болуы, тауарды Қытайдан Батыс Еуропаға жеткізу небары 14 күнде, яғни дәстүрлі теңіз маршруттарымен салыстырғанда 3 есе жылдамдағанын білдіреді.

Соңғы 10 жыл ішінде Қазақстан бірқатар тұрақты бизнес-реформаларды жүзеге асырды, олар нақты жұмыс жасап отыр. Қазақстан қазіргі таңда 2004 жылғы есеп жарияланған сәттен бастап Бизнес жүргізудің барлық көрсеткіштерін реформалаған аз ғана мемлекеттердің қатарындағы бірден бір ел болып отыр.

Қазақстанға жоғары сапалы инвестициялар тарту бойынша жұмыстар жүргізетін Kazakh Invest ұлттық компаниясы аз уақыт бұрын ғаламдық инвестициялық тұсаукесерлер сериясын бастады, бұл мемлекетті ауқымды реформалар жүргізу үшін қажет. Бизнесті жүргізу баяндамасына сәйкес Еуропа мен Орталық Азияның он екі мемлекетінде жалпы алғанда 2018 жылы бизнес-ортасын жақсартуға бағытталған 54 реттеу реформасы жүзеге асырылған.

Дүние жүзілік банк бірнеше салаларда кредит ұсынған, оның ішінде, салықтарды тіркеуді жеңілдету, әлеуметтік сақтандыру саласында тіркеу және лицензиялау, сонымен қатар, сотты электронды автоматтандыруды енгізу арқылы келісімдерді орындау тиімділігін арттыру қамтылады.