Жаңалықтар

Медиа орталық

Цзянсу провинциясының Чанчжоу қаласында өткен «Бір Белдеу - Бір Жол» бастамасының аясында ынтымақтастық туралы конференция

2018 жылғы 28 қыркүйекте ҚХР-дағы «Kazakh Invest» АҚ бас өкілі Қуаныш Амантай «Бір Белдеу - Бір Жол» бастамасының маңында орналасқан елдермен «Чанчжоу қаласы кәсіпорындарының сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастығын жылжыту бойынша шараларға қатысты. Шараны ҚР Бас Консулдығы, сондай-ақ Шанхай қаласындағы Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының бас Консулдықтарының қолдауымен Цзянсу провинциясының Чанчжоу қаласының Үкіметі ұйымдастырды.

Шара барысында ҚХР-дағы «Kazakh Invest» АҚ өкілдігі Чанчжоу қаласы мен Цзянсу провинциясы үшін ҚР инвестициялық климаты, ҚР экономикасының басым салалары, инвесторлар үшін жеңілдіктер мен преференциялар, ҚР мен ҚХР арасындағы инвестициялық ынтымақтастық мәселелері таныстырылды.

Шараға Trina Solar (ҚХР-дағы және әлемдегі ірі күн панелдерін өндірушілердің бірі), Jiangsu Zhihengda Investment Group, Dongfeng Agricultural Machinery Group (ҚХР-дағы ірі ауыл шаруашылығы техникаларын өндірушілердің бірі), Jinsheng Group (ҚХР-дағы ірі тоқыма компанияларының бірі), Restar Solar (күн энергетикасы), Changfa Group (тоңазытқыш жабдықтары мен желдеткіштер үшін құрамдауыш ауыл шаруашылығы жабдығы) және т.б. сияқты компаниялар өкілдері қатысты.

Шараға барлығы 60-қа жуық қытайлық компаниялар қатысты.

Іс-шара қорытындысы бойынша Шанхай қаласында Бас Консул Ж. Қыраубаев Чанчжоу қаласының мэрі Дин Чунмен кездесті. ҚР мен Чанчжоу қаласының озық компаниялары арасында ынтымақтастықты реттеу перспективалары талқыланды. Қазақстандық тараппен кездесу барысында іскерлік климатпен танысу және қазақстандық кәсіпорындармен байланысты реттеу үшін ҚР-ға Чанчжоу қаласының жетекші кәсіпорындарының сапарын ұйымдастыру ұсынылды.

Чанчжоу қаласы Цзянсу првинциясының барынша дамыған қалаларының бірі болып табылады. Халқы 5 миллионға жуық. 2017 жылы қаланың ІЖӨ 668 млрд. юаньді (98 млрд долларға жуық) құрады, жан басына шаққандағы ІЖӨ – 20 мың юаньді (2,9 мың долларға жуық) құрады.

Чанчжоу қаласы барынша дамыған қалалардың бірі болып табылады. Өнеркәсіптің неғұрлым дамыған салалары машина жасау (арнайы және ауыл шаруашылығы техникалары, робот техника шығару, электр техникасы үшін жабдық, пойыздар мен вагондар шығару), күн энергетикасы (күн панельдері мен құрамдауыштарын шығару), жеңіл өнеркәсіп (жиһаздар мен құрылыс материалдарын шығару), ауыл шаруашылығы және тағам өнеркәсібі болып табылады.

Қала шетелдермен белсенді ынтымақтасады. Германия, Швейцария, Израиль сияқты елдермен бірлескен өнеркәсіптік, технологиялық және инновациялық парктер құрылды.

Қалада 107-ден астам елдер мен өңірлерді қамтитын шетел капиталдарымен 3800 кәсіпорын жұмыс істейді, шетел инвестициясының көлемі 33,2 млрд долларды құрайды. 500 ірі әлемдік компаниялардың ішінен 65 компания Чанчжоу қаласында 110 жобаны іске асырды, олардың ішінде: BOSCH, ABB, Fujitsu, Itochu, Hitachi, Komatsu, Kawasaki, Marubeni, Suzuki, Toshiba, Toyota, Total, GE, Siemens, Bridgestone, Goodyear, AGCO, TyssenGroup және т.б. бар.