Медиа орталық

Жаңалықтар

Малазиялық бизнесмендер Қазақстанның бизнес мүмкіндіктерімен танысты

Алматы қаласында Қазақстан-Малазия бизнес-форумы өтті, оның аясында ынтымақтастық туралы  6 меморандумға қол қойылды. Іс-шараға «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев қатысты.  

Аталған шара Қазақстан мен Малазия арасындағы ынтымақтастықты нығайтудың белгісі болып табылады. Бұл екі елдің Іскерлік кеңесін ұлықтау рәсімі өткен алғашқы Қазақстан-Малазия бизнес-форумы болып табылады.

Шараға 150-ден астам қазақстандық және малазиялық компаниялардың, мемлекеттік құрылымдардың өкілдері қатысты. Іскерлік кеңес екі елдің бизнесі өкілдері арасындағы өзара пайдалы серіктестіктің дамуы үшін тиімді алаң деп танылып отыр.

Форумның ашылуындағы өз сөзінде Малазияның Қазақстандағы елшісі Саид Мохамад Бакри бин Саид Абдул Рахман мырза: «Малайзия Қазақстан үшін жетекші сауда серіктесі болып табылады. Малазияның қазақстандық нарықта өз қызығушылығы бар, оның ішінде қайта қалпына келетін энергия көздері, өнеркәсіп тұрғысында. Біз медициналық, консалтингтік, медициналық және тағы да басқа қызметтер көрсету бойынша жұмыс жасап келеміз»,-деп атап өтті.

«Kazakh Invest» АҚ форумның ұйымдастырылуына белсенді түрде атсалысты. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Канешев және Қазақстан-Малазия Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Датук Лу Тук Джи ынтымақтастықты нығайту мақсатындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Сонымен қатар форум барысында «Kazakh Invest» басшылығы «ITRAMAS», «Tasstech International», «Pharmaniaga», «Halfmoon Bay» секілді және т.б. ірі Малазиялық компаниялармен ынтымақтастықтың болашағы туралы мәселені талқылады.  

Сонымен қатар, «Kazakh Invest» АҚ-ның малазиялық бизнесмендері үшін Қазақстанның инвестициялық мүмкіндігі туралы презентация өткізілді.