Қазақстан туралы

Нарық

Нарықтар

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі қолайлы инвестициялық климат және либералды реттеу үшін қазақстандық экспорттаушылар мен шетелдік инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады..

Қазақстанның негізгі басымдығы – қолайлы географиялық орналасуы, ол оның транзиттік тасымалдау саласындағы маңызды көліктік әлеуетін анықтайды. Қазақстан территориясы бойыншаЕуропадан Азияға, атап айтқанда, Батыс Қытайға және ол жақтан Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріне әуе, теміржол және автокөлік жолдары өтеді.

Халықаралық көлік дәліздеріне интеграциялаудың зор мүмкіндіктері Қазақстаннан тауар экспортының құрылымын сипаттайды.

Тауарлар, қызметтер, капитал мен жұмыс күшінің еркін қозғалысын қамтамасыз ететін Еуразиялық экономикалық одаққа мүшелігімен бірге ЕАЭҚ бойынша әріптес-елдерге экспорттың зор әлеуеті бар.

Еурзиялық экономикалық одақ құрамында Қазақстан сауда географиясын белсенді кеңейтуде: Үндістан, Сингапур, Сербия, Израиль, Египет елдерімен еркін сауда аймағы келісімін орнату бойынша келіссөздер жүргізілуде. Мұндай келісімдер ҚХР және Иранмен (уақытша келісім) орнатылды.

Қазақстаннан тауар экспорты (2018 жылғы мәлімет)

  • Еуропа елдері - 55,7%
  • Азия – 26,3%
  • ТМД елдері - 15,5%
  • ЕАЭҚ елдері - 9,7%
Көзі: stat.gov.kz

Ақтау порты

Порт Актау

Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында бірнеше халықаралық көлік дәліздерінің қиылысында орналасқан. Ақтау теңіз порты – шығыстан батысқа, солтүстіктен оңтүстікке және керісінше Иран, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Түркменстан бағыттарында құрғақ жүктер, шикі мұнай мен мұнай өнімдерінің тасымалдауы іске асырылатын заманауи копнысаналы терминал.

1999 жылы Ақтау теңіз порты толық жөндеуден өтті, бұл оның даму тарихындағы зор кезең болды.

Порттың өткізу мүмкіндігі – 16,5 млн. тонна, оның ішінде: 4 мұнай құю терминалы (12 млн. тонна), 3 құрғақ жүк терминалы (2,5 млн. тонна) және 1 паромдық терминал (2 млн. тонна).

Порт барлық қажетті көліктік және темір жолдық келу жолдарына ие, бұл паромдық жүктерді өңдеу жылдамдығын 10-12 сағаттан орташа 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Құрық порты

Порт Курык

Құрық порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында Ақту портынан өңтүстікке қарай орналасқан. Порт табиғи айлақта, жұмыс үшін қолайлы ауа райы жағдайын қамтамасыз ететін шығанақта орналасқан. Порт көліктік және темір жол паромын жыл бойы қабылдауға қабілетті.

Бүгінгі күні жылына 4 млн. тонна жүк және жылына 2 млн. тоннаға дейін жүк тасымалдайтын теміржол терминалы бар.

Ляньюньган порты

Порт Ляньюньган

Қазақстан мұхитқа тікелей шығу жолының болмауына қарамастан, Еуразиялық құрлық ортасында орналасуының геоэкономикалық әлеуетін белсенді қолданады. 2014 жылы Қытайдың шығысындағы Ляньюньган теңіз портындағы қазақстан-қытай терминалы өз жұмысын бастады. Порттың тиімді орналасуы, қытайдың ірі қалалары мен порттарымен темір жол және теңіз байланыстары Қазақстанның халықаралық логистикалық тізбекке енуіне ықпал етеді.

Терминалдың негізгі міндеті – Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен Орталық Азия, Ресей және Еуропа бағыттарында жүктерді тасымалдау. 2020 жылға қарай терминал жылына 20 тонналық 550 мың контейнерлердің жөнелтілуін қамтамасыз етеді деп күтілуде.

«Хоргос» шекаралық серіктестіктің халықаралық орталығы

«Хоргос» шекаралық серіктестіктің халықаралық орталығы – Қазақстан мен Қытай басшыларының бастамасымен іске асырылатын ірі жобалардың бірі, сауда хабы. Жоба Қытаймен сауданы оңтайландыруға және екі елдің көліктік әлеуетін дамытуға бағытталған.

«Хоргос» ШСХО – Қазақстанның көліктік-логистикалық жүйесі үшін ғана емес, сондай-ақ, Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансқұрлықтық дәліз үшін де маңызды жоблардың бірі болып табылады.

«Хоргос» ШСХО ірі көліктік-логистикалық кешенді (құрлықтық порт), индустриалды және тұрғын зонасынан тұратын «Хоргос – Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймақтың негізгі бөлігі болып табылады.

Батум мұнай терминалы

Батум мұнай терминалы Қара теңіздің жағалауында Батуми (Грузия) қаласында орналасқан және өз клиенттеріне Қазақстаннан, Әзірбайжан, Түркменстан, Грузия және басқа елдерден мұнай мен мұнай өнімдерін өткізу бойынша қызметтер ұсынады. «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес компаниясы «КазТрансОйл» АҚ меншігіне кіреді.

Терминалдың негізгі басымдығы – мұнай мен мұнай өнімдерінің түрлі сорттарын сақтау және өткізу бойынша иілімділік: Батуми мұнай терминалы мұнай мен мұнай өнімдерінің 22 түріне дейін өткізе алады. Жүк темір жол арқылы жеткізіледі және арнайы темір жол эстакадалар арқылы сұйыққоймалар паркіне құйылады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге