x
Kazakhstan Global Investment Roundtable
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
17 | 05 | 2019
Басты Инвестициялық Іс-Шара
Тек шақыру бойынша

Біз туралы

Біз туралы

«KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы » АҚ Қазақстан Республикасы Үкіметінің
«KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамын қайта атау туралы» 2017 жылғы 1 наурыздағы № 100 қаулысына сәйкес экономиканың басым секторларына шетел инвестицияларын тарту және инвестициялық жобаларды кешенді сүйемелдеу арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын ынталандыру мақсатында құрылды.

«KAZNEX INVEST» шетелде және республика өңірлеріндегі өкілеттіктері арқылы «бір терезе» қағидаты бойынша инвестициялық жобаларды сүйемелдеуді идеядан іске асыруға дейін және кейінгі инвестициялық кезеңде қолдау үшін қызметтердің толық спектрін қамтамасыз етеді, сондай-ақ, Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтары жөнінде бірыңғай үйлестіру орталығы ретінде қызмет етеді.

KAZAKH INVEST келесідей рөл атқарады:

  • Инвестициялық жобаларды іске асырудың перспективалары мен жағдайларын талқылау кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін бірыңғай келіссөзші;
  • Инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пункті.

KAZAKH INVEST өз жұмысында инвестициялық жобалардың орындалуын қадағалау және мониторингілеу үшін арнайы CRM жүйесін пайдаланады, бұл жүйе инвесторларға сауалдар мен бастамаларды жіберуге мүмкіндік береді, сондай-ақ инвестициялаудың барлық кезеңдерінде процесстерді айқын етеді.

Жалпы алғанда, KAZAKH INVEST қолдауымен 2018 жылы республикада 3,1 млрд. АҚШ доллар сомасына шетелдік капиталдың қатысуымен 27 инвестициялық жоба іске қосылды. Бүгінгі таңда компанияның мониторинг жүйесі жалпы сомасы 39,6 млрд. АҚШ долларын құрайтын 157 жобаны жүзеге асыруда, оның жүзеге асырылуы шамамен 45 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, инвесторлар үшін сенім телефоны пайда болды. Халықаралық қоңыраулар үшін нөмір +77172620620, ал қысқа нөмірі 1414 - Қазақстан Республикасында ақысыз. Төтенше жағдайда инвесторларға сервистік қолдау көрсететін қоңырау орталығы 24/7 жұмыс істейді.  

Даму стратегиясы



Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге