Компаниядағы қызмет

Компаниядағы қызмет

Батыс Қазақстан облысындағы аймақтық директордың орынбасары

Түйіндемені жіберу

«Батыс Қазақстан облысындағы аймақтық директордың орынбасары» лауазымына үміткерге келесі біліктілік талаптары қойылады:

Білімі:

- экономика, қаржы, менеджмент, құқықтану немесе техникалық ғылымдар саласындағы жоғары білім;

- қаржылық талдау, корпоративтік қаржы, корпоративтік басқару, жоспарлау және экономика, инвестицияларды бағалау және басқару саласында танылған халықаралық кәсіби сертификаттармен расталған кәсіби біліктіліктің болуы.;

- қазақ, орыс тілдерін еркін меңгеру;

- Project Management Degree бар болуы құпталады;

Жұмыс тәжірибесі:

- жетекші қазақстандық және халықаралық компанияларда, ұлттық компанияларда немесе ірі салалық компанияларда кемінде 3 жыл;

- басшылық лауазымдарда 1 жылдан кем емес;

- Көкшетау қаласы немесе Ақмола облысында кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесінің болғаны құпталады.

Дағдылар:

- презентацияларды тиімді жүргізудің және презентациялық материалдарды әзірлеудің табысты тәжірибесі, сендіру дағдысы;

- жобалық талдау саласындағы білім және жобаларға егжей-тегжейлі талдау жүргізудің табысты тәжірибесінің болуы міндетті;

- жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимылдың табысты тәжірибесі; өңірлік мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылдың дәлелденген дағдылары, жер учаскесін алу, инженерлік коммуникацияларды жүргізу, ТЭН және ЖСҚ бекіту, техникалық шарттарды алу, СМЖ және т. б. рұқсат алу рәсімдерін білу міндетті;

- жетекшілік ететін аймақтағы іскерлік орта ерекшелігін, инфрақұрылым мен экономикалық жағдайды, сондай-ақ жоғары деңгейдегі делегациялардың іс-шараларын/сапарларын ұйымдастыру біліктілігі;

- әлеуетті инвесторлар үшін “бірыңғай терезе” қағидаты бойынша инвестициялық сұрау салуларды өңдеуге жәрдемдесу және перспективалы инвестициялық жобалар туралы қажетті ақпарат беру жөніндегі табысты тәжірибе;

- ҚР-ның инвестициялық мүмкіндіктері мен мемлекеттік қолдау тетіктерін білу, бизнес-процестерді білу міндетті;

-ҚР заңнамасын және тиісті лауазымдық міндеттерді орындауға қатысы бар өзге де нормативтік-құқықтық актілерді, оның ішінде инвестициялық преференциялар және мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары бөлігінде білу.

- жоғары өзін-өзі ұйымдастыру, ұтқырлық және тез ті табысу;

Тілдерді және ДК меңгеру деңгейі:

- орыс және қазақ тілдерін еркін меңгеру;

- ағылшын тілін және өзге де шет тілдерін еркін меңгергені құпталады;

- MS Office (Access, Excel, Power Point, Word, WordPad), графикалық редакторлар (Picture Manager, CorelDRAW), электрондық поштамен жұмыс істеу (Outlook Express) біліктілігі.

Жеке қасиеттері:

- көп тапсырыстық режимде жұмыс істей білу;

- дамыған басқарушылық және коммуникативтік дағдылар;

- тез тіл табысу және белсенді өмірлік ұстаным.

Шарттары:

- Ұлттық компаниядағы жұмыс;

- Бәсекеге қабілетті жалақы;

- Кәсіби даму және корпоративтік өсу мүмкіндігі.

Түйіндемені жіберу
Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге