Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі

Ульф Вокурка

Тәуелсіз директор - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

Ульф Вокурка 1980-81 жж. Галле-на-Зале (Германия) қаласындағы Мартин Лютер атындағы университетінде білім алды, ал 1989 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Халықаралық қатынастар факультетін тамамдады.

1990 жылы ол Франкфурте-на-Майне қаласындағы «Дойче Банк» АҚ-да жұмысқа кірісті, онда ол 2006 жылға дейін әр-түрлі лауазымдар атқарды, оның ішіде 1993 жылдан бастап
1996 жылға дейін Дойче Банктың, сондай-ақ Морган Гренфеллдың Қазақстандағы өкілдіктерін басқарды.

1996 жылы ол Дойче Банктың Лондондағы кеңсесіне пайдалы қазбаларды өңдеу секторында жобалар үшін қарыздарды ұйымдастыру бойынша команданың менеджері лауазымына ауысты, ал 1998 жылдан бері Дойче Банктың департаменттерінде алдымен Нью-Йоркте, ал одан кейін Франкфуртте жобалық және экспорттық қаржыландыру бойынша директордың орынбасары болды.

2006 жылдан бастап 2008 жылға дейін Ульф Астанада «Самырұқ» Мемлекеттік активтерді басқарудың қазақстандық холдингі АҚ-да Басқарма Төрағасының орынбасары және Бас қаржы директоры болып жұмыс істеді.

2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін ол Франкфуртте «Metzler Asset Management GmbH» басқарушы компаниясының басқарушы директоры болды, ал 2010 жылдың шілдесінде «Дойче Банк» АҚ-ның Бас кеңсесіне қайтып келді, 2010 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақстанда Дойче Банктың Өкілдігінің Басшысы лауазымында жұмыс істеді.

2007 жылдан бастап 2015 жылға дейін Ульф Вокурка «Қазақстанның Даму банкі» АҚ-да тәуелсіз директор ретінде жұмыс істеді, ал «Қазына Капитал Менеджмент» АҚ-да 2007 жылдан бастап тәуелсіз директор болып істеп келеді.

2010 жылдың қарашасынан 2015 жылдың наурызына дейін Ульф Вокурка «Sekerbank T.A.S.» түрік банкінің директорлар кеңесінде тәуелсіз директор лауазымында жұмыс істейді, банктің акциялары «Istanbul Stock Exchange» Стамбул биржасында саудаланады.

2011 жылдың сәуірінен бастап осы уақытқа дейін Ульф Вокурка «Қазақстанның Халық Сақтандыру Банкісі» АҚ-ның директорлар кеңесінде тәуелсіз директор лауазымында жұмыс жасайды, банктің акциялары «KASE» Қазақстандық Қор Биржасында да, сондай-ақ «London Stock Exchange» Лондон Қор Биржасында да саудаланады.

2012 жылдың қыркүйегінен бастап осы уақытқа дейін «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұлттық инвестициялық корпорациясы» АҚ-ның директорлар кеңесінде тәуелсіз директор лауазымында жұмыс жасайды.

2012 жылдың 29 қыркүйегінде оған «Қазақстанда корпоративтік басқару» мәселелері бойынша біліктілікті жоғарылату бағдарламасынан сәтті өту бойынша CCGD (Certified Corporate Governance Director) № 0013/09-12 сертификаты табысталды.

2014 жылдың 29 шілдесінде Ульф Вокурка «Шетелдік Инвесторлар Кеңесі Қазақстандық Қауымдастығы» Басқармасының төрағасы болып сайланды.

2015 жылдың 20 сәуірінде Ульф Вокурка «Қазақстан Ипотекалық Корпорациясы» АҚ-ның тәуелсіз директоры болып сайланды.

Қазіргі уақытта Вокурка мырза «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның Директорлар Кеңесінің тәуелсіз мүшесі. 


Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге