Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі

Тұяқбаев Сапарбек Құрақбайұлы

Қоғамның басқармасының төрағасы - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

Сапарбек Тұяқбаев 1979 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келді. 2001 жылы Таяушығыс техникалық университетін (Түркия), 2004 жылы Торонто (Канада) университетін тамамдады.

2005 жылдың қаңтарынан 2006 жылдың сәуіріне дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметтер жөніндегі агенттігінің Мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаменті Мемлекеттік қызмет саласында заңнаманың сақталуын қадағалау бөлімінің бас сарапшы м.а, бас сарапшы;

2006 жылдың сәуірінен 2007 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің Үшінші хатшысы;

2007 жылдың сәуірінен 2008 жылдың наурызына дейін Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі хатшылығы – Стратегиялық жоспарлау және жетекші талдау Департаменті Стратегиялық жоспарлау бөлімінің бастығы;

2008 жылдың наурызынан 2009 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторингілеу бөлімінің консультанты;

2009 жылдың шілдесінен 2009 жылдың қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің басшысы;

2009 жылдың қыркүйегінен 2012 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастырушылық-өңірлік бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2012 жылдан 2016 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, инвестиция, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелеріне жетекшілік етті;

2016 жылдың қазанынан 2017 жылдың қарашасына дейін ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетінің төрағасы;

2017 жылдың қарашасынан «KAZAKH INVEST» Ұлттық компаниясы» АҚ Басқармасының төрағасы

Қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерін менгерген.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге