Директорлар кеңесі

Директорлар кеңесі

Әлихан Смайылов Асханұлы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасының Қаржы министрі - Қоғамның Директорлар кеңесінің мүшесі

Әлихан Смайылов 1972 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін «қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған. 1996 жылы ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының мемлекеттік басқару магистрі дәрежесіне ие болды.

1993–1995 жылдары — «А-Инвест» инвестициялық–жекешелендіру қорының маманы;

1995 – 1996 жылдар Алматы қаласы әкімшілігінің Сауда және өнеркәсіп бөлімінің бас маманы;

1996 жыл Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Жоғарғы экономикалық кеңестің тағылымданушысы;

1996 – 1998 жылдар ҚР Ұлттық статистика агенттігінің басқарма басшысының орынбасары, басқарма басшысы;

1998 жылдың наурыздан сәуірге дейін Қазақстан Республикасы Статистикалық жоспарлау және реформалау жөніндегі агенттігі Статистика және талдау комитеті төрағасының орынбасары;

1998 – 1999 жылдар Бас сарапшы,бөлім секторының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы;

1999 жылдың 8 қарашасынан Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

1999 жылдың қарашасынан 2003 жылдың ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;

2003 жылдың наурызынан Қазақстан Республикасы Сыртқы істер вице-министрі;

2003 жылдан 2006 жылдар аралығында «Экспорттық кредиттердi және инвестицияларды сақтандыру жөнiндегi мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» акционерлiк қоғамы басқармасының төрағасы;

2006 жылдың ақпанынан 2007 жылдың қаңтарына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2007 жылдың қаңтарынан 2008 жылдың қарашасына дейін «Қазагро» Ұлттық холдингі АҚ Президенті;

2008 жылдың 21 қарашасынан 2009 жылдың қазанына дейін Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі;

2009 жылдың 27 қазанынан 2014 жылдың 13 тамызына дейін Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы;

2014 жылдың 14 тамызынан 2015 жылдың желтоқсанына дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы;

2015 жылдың 11 желтоқсанына 2018 жылдың 18 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі;

2018 жылдың 18 қыркүйегінен Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; 


Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге