Оқиғалар күнтізбесі

Оқиғалар күнтізбесі

Астанада Қазақстан-Фин сауда-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі ҮАК 11-ші кездесуі өтеді

Астана қаласы

2019 жылдың 28 ақпанынан 1 наурызыға дейін Астана қаласында Қазақстан-Финляндия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссиясының  11-ші отырысы өтеді.

Қазақстан жағынан ҮАК тең төрағасы - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, фин тарапынан - Финляндия Республикасының сыртқы сауда және даму министрі Анна Мари Виролайнен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, екі елдің іскер топтарының 40-тан астам өкілдері қатысады деп жоспарлануда.

ҮАК отырысында тараптар 2018 жылдың қазан айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Финляндияға ресми сапарының қорытындысы бойынша келісімдерді жүзеге асыру аясында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық перспективаларын талқылайды.

Іс-шара барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ, «Finnish WaterForum», «AINS», «Kauko International», «Nokia», «Nurminen Logistics» және т.б. фин және отандық компаниялар басшыларының таныстырылымдарын өткізу жоспарланған.

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге