Оқиғалар күнтізбесі

Оқиғалар күнтізбесі

Kazakh Invest АММ 2019 тау-кен металлургиялық конгресстің ресми серіктесі

Нұр - Сұлтан қаласы, Қазақстан

2019 жылдың 12 және 13 маусымы аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 10-шы Халықаралық Конгресс «Astana Mining & Metallurgy» - АММ 2019 өтеді. Іс-шара Орта Азиядағы тау-кен қазу және өңдеу өнеркәсібінің перспективалық шешімдерді талқылауға бығытталған.

Екі күн ішінде қатысушыларды оқиғаға толы іскерлік бағдарлама күтіп тұр. «АММ» Конгресінің негізгі лейтмотиві - «Сандық жүйеге ауыстыру және инвестициялық мүмкіншіліктер». Тақырыптық сессиялар өндіру және қайта өңдеу салаларын сандық жүйеге ауыстыру, ТКК өндірістік процесстерінің тиімділігін арттыру, инвестицияларды тарту және минералды-шикізаттық қорды толтыру, «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» жаңа Кодекстегі құқықтық реттеудің тартымды аспектілері сұрақтарына арналған. Бағдарлама АММ Форумынан, презентациялық сессиялардан, техникалық семинарлардан, дөңгелек үстелдер және мастер-класстардан тұрады.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST Конгресс қатысушыларын Қазақстанның тау-кен қазу және өңдеу өнеркәсібінің инвестициялық мүмкіндіктерімен тыныстырады.

Конгресс туралы толық ақпарат www.amm.kz сайтында орналастырылған.

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге