Оқиғалар күнтізбесі

Оқиғалар күнтізбесі

«AKTOBE INVEST – 2018» VI ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ФОРУМЫ

Ақтөбе қаласы

“Aktobe Invest-2017" VI Халықаралық инвестициялық форум 2018 жылдың 6-7 желтоқсан күндері Ақтөбе қаласында өтеді.

Инвестициялық форумның негізгі мақсаты өңірдің инвестициялық әлеуетімен таныстыру, оның оңтайлы инвестициялық беделін ілгерілету және Ақтөбе облысының экономикасына отандық және шетелдік инвестициялар ағынын ынталандыру.  

Форум алаңында өңірдің бизнес жүргізу үшін басымдығы таныстырылады, инвестиция салуға келешегі зор жобалар көрсетіледі, әлемдік экономика жағдайында экономикалық өсімді қамтамасыз ету мәселелері, агроөнеркәсіп кешені өнімдерінің шетел нарығына шығу мүмкіндіктері және тағы басқа көптеген мәселелер талқыланатын болады.

Форум аясында Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуеті және жобалары көрмесі ұйымдастырылады, «Моноқалалардың тұрақты дамуы және аудандардағы ШОБ науашасын анықтау бойынша скрининг» тақырыбында кеңейтілген конференция өтеді, өнеркәсіптік нысандарды аралау, сонымен қатар меморандумға қол қою және жергілікті компанияларға сенім білдіру белгілерін табыстау рәсімі ұйымдастырылады.

Форумға қатысу үшін шетелдік сарапшылар және инвесторлар, ҚР Үкіметінің, ұлттық компаниялар, қаржы инститтуттарының басшылары, қазақстандық және шетелдік бизнесмендер, шет мемлекеттердің өңірлерінің басшылары шақырылады.

 

Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге