Оқиғалар күнтізбесі

Оқиғалар күнтізбесі

«Baikonyr INVEST» Х инвестициялық форумы

Қызылорда қаласы

3-4 желтоқсан күндері Қызылорда қаласында «Baikonyr INVEST» Х инвестициялық форумы өтеді. Форумның басты тақырыбы «Жасыл» экономика – өңірдің дамуының жаңа бағыты».

Форумға шетелдік және отандық бизнес-көшбасшылар, инвестициялық компаниялар басшылары, ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, экономиканың түрлі саласындағы сарапшылар қатысады. Болгария, Испания, Қытай, Корея, Ресей, Турция, Өзбекстан, Франция және басқа да елдерден келген сарапшылар жаңа технологияларды енгізу және «жасыл кластерлер», қайта қалпына келетін энергетикада, ауыл шаруашылығында, су ресурстарын басқаруда, қалдықтарды кәдеге жарату және басқа да секторларда өңірдің әлеуетін пайдалану мәселелерін талқылайды.

Форум аясында әлеуетті инвестициялық жобалар көрмесі, b2b форматындағы кездесулер, меморандумдар мен келісімдерге қол қою рәсімдері өтеді. Дәстүр бойынша форум қатысушылары үшін "Союз-МС" ракетасының ұшырылуын көру үшін «Байқоңыр» космодромына тур ұйымдастырылады.


Артқа қайту
Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге