Инвестор нұсқаулығы

Лицензия алу

Қазақстан Республикасының «электрондық үкіметін» дамыту аясында іске қосылған жобалардың бірі «Е-лицензиялау» ақпараттық жүйесі болып табылады.

www.elicense.kz  порталы арқылы  өнеркәсіп, сәулет және құрылыс, экспорт-импорт  және т.б. саласындағы кәсіпкерлік қызметтің  шамамен 500 түріне өтініш беруге болады Өтінішті тиісті органдар қабылдайды және өңдейді.

Лицензиялау өзіне өзі жеткілікті күрделі рәсімдер болып табылады:

  • өтініш беруші оған лицензия қажетпе немесе қызметтің басталуы қандайда болмасын басқа әкімшілік рәсімдермен реттелетіндігі әрқашанда белгілі бола бермейді;
  • жеткілікті көп сандағы құжаттарды беру қажет (7-30 түрлі құжаттар, оның ішінде куәландырушы/жарғы құжаты, маманданым құжаты, қызметін-біліктілігін жүзеге асыру үшін өтініш берушінің талаптармен сәйкестігін растау, материалдық базаның болуы);
  • көптеген жағдайларда лицензияларды тек Астана қаласында немесе облыс орталықтарында алуға болады, ол басқада қалалар және аудандардың тұрғындары үшін қиындықтар туғызады.

«Е-лицензиялау» басқада «е-үкіметтің» құрауыштарымен бірлесіп ендігі бүгінгі күні осы проблемалардың үлкен бөлігін шешуге мүмкіндік береді.

Пайдаланушылар үшін кірудің бірыңғай нүктесі - портал «е-лицензирование» (бұл ретте өтініш беруші бұрынғыша тікелей МО немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жүгінуіне болады).

Сондай-ақ, лицензиялау үдерісін оңтайландыруды ескере отырып, барлық лицензиялау түрлеріне өтініштерді декларативтік    - «мәліметтер нысаны»   беру іске қосылды.   Яғни, бұл нысан өтініш берушілерге мәліметтерді қолмен толтыруға мүмкіндік береді және қоса тіркелетін   көптеген талап етілетін құжаттар  саны қысақртылады. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге