Медиа орталық

Жаңалықтар

Алана Пию: «Егер сіздерде білімге негізделген экономика болса, сіздер жеке секторды қайта өзгерте аласыз»

Алана Пию: «Егер сіздерде білімге негізделген экономика болса, сіздер жеке секторды қайта өзгерте аласыз»

Инновациялар жағынан өзгерістердің жылдамдығы соншалықты жоғары, қажетті орында уақытысында болу үшін әрдайым тездетілу керек. Бұл пікірді Үшінші жылсайынғы Қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстелдің пленарлық отырысының барысында Еуропалық қайта құру және даму банкінің вице-президенті Алан Пию айтты.

«Кез келген елдің экономикасың құру турақты күш салуды талап етеді. Бұл кезекте мен Қазақстанның стратегиялық даму аясындағы «Сандық Қазақстан» бағдарламасына қол соққым келіп тұр», - деді ЕҚҚДБ вице-президенті KGIR-2019-дың пленарлық отырыстың аясында. Қазақстанға жаңа экономикаға кіру және табысқа жету мәселесі туралы айтқанда, банкир үш нақты мақсатты белгіледі: мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту, құқықтың үстемдігі және білімге инвестиция салу.

Бірінші міндеті туралы айтатын болсақ, Алан Пиюдің айтуынша, ол «қысқа уақыттың ішінде мемлекеттің экономикадағы үлесі 70%-дан 50%-ға азаятындығын Премьер-министрден білді. Бұл өте жақсы көрсеткіш» - деді банкир. «Түпкі нәтижесінде біз жеке сектор негізінде болатын экономикалық дамудың тұрақты моделін құруды жоспарлап отырмыз» , - деді ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин пленарлық отырыстың барысында. «Жалғасып жатқан кең ауқымды мемлекеттік ативтердің жекешелендіруі өнімділіктің деңгейін арттырып, инвесторлардың және кәсіпкерлердің еңбек етуіне кеңістік жасайды. Бұл шаралардың нәтижесінде мемлекеттің экономикасындағы үлесі 2020 жылға дейін 70 пайыздан 50 пайызға дейін азаяды», - деді Қазақстан министрлер кабинетінің басшысы.

«Кеше панельдік сессиясының аясында Лагард ханым құқық үстемдігінің маңыздылығы туралы сөз сөйледі. Біз әр-түрлі секторларды жынғырта аламыз, бірақ меншік құқығын қорғау, әсіресе зияткерлік меншігін, бұл өте маңызды», - деп санайды Алан Пию. Жақсы үлгі ретінгде ол Ресейдін тәжірибесін келтірді. «Ақиқат бойынша, бұл Рейсейде Сколково соғылғанының басты себебі. Сколково дегеңіміз не? Бұл жемқорлығы жойылған, құқық үстемдігі басым шыққан аймақ. Ресей білімді және білімге негізделген экономиканы құруға талпынып жатқан аралы», - деді ол. Бірақ, Алан Пиюдың ойынша, бұл жұмыстың бір ғана бөлігі. «Үшінші бағыт – білім беру. Білім беру және тағы білім беру, әсіресе техникалық. Қазақстанда бірқатар жақсы техникалық университеттер бар екенін түсінем. Бұл іргетас», - деп санайды Алан Пию. Оның айтуынша, бұл өте маңызды және ауыр міндет. «Білім беру жүйесі өмірімізде жоқ жұмыс орындарға бағытталу керек. Яғни, жұмыс орындар бар, бірақ жаңа орындар ашылуы мүмкін, сіздер осыны алдын ала білу керексіздер. Сол үшін білім беру жүйелеріңіз әр түрлі кәсіпорындармен байланыста болу қажет. Бұл мәселені іске асыру оңай емес. Көптеген елдер іске асыруға талпынып жатыр, бірақ олардың көбісі табысқа жете алмады», - деп ескертті Алан. «Егер сіздерде білімге негізделген экономика болса, сіз жеке секторды жаңғырта аласыз». ЕҚҚДБ вице-президентінің пікірінше, келесі іргетасы – бұл ақпараттық жүйелерге ауқымды инвестицияларды салу. «Үлкен экономикаларды қайта құрған жағдайда бұл аса маңызды сұрақ», - дейді ол. Бірақ инновациялар туралы ұмытпау қажет. «Бірінші кезекте ТШИ тартатың экономиканың негізгі секторларының инновацияларына, негізгі индустрияларына, жаңа икемдерді алу, жаңа тәсілдермен жұмыс жасауды үйрену. Сонымен қатар бұл жаңа технологияларға инвестиция тарту, ҒЗТКЖ-ның ір түрлі бағыттарына, индустрияны автоматтандыру», - хабарллады Алан Пию.

Оның ойынша, инвестиция салу жағынан Қазақстанда «денсаулық сақтау, қалаларды дамыту (ақылды жүйелер, ақылды қала), электрондық сауда және электрондық үкімет, экономика көгалдандыру» секілді секторлар өте тартымды.

ЕҚҚДБ тәжірибесі туралы айтатың болсақ, оның айтуынша, банк экономиканың барлық секторларында бар. Еске сала кетейік, ресми мәліметтерге сәйкес, 1993 жылдан бастап ЕҚҚДБ Қазақстандағы 240 жобаларға 8 млрд АҚШ доллар инвестиция салды. 2018 жылы Қазақстан мен ЕҚҚДБ арасында экономиканың барлық секкторларында, оның ішінде тау-кен, муниципалдік және көлік инфрақұрылымдары, жаңартылатын энергия көздері және ШОБ саласында жалпы құны 541 млн АҚШ доллар құрайтын 26 жобаны іске асыру туралы келісімдерге қол қойылды. ЕҚҚДБ-ның Қазақстандағы белсенді қоржынына 124 жоба кіреді. Қазіргі таңда жалпы соммасы 31,5 млрд теңге құрайтын 9 жоба іске асырылуда.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге