Медиа орталық

Жаңалықтар

«ЭКО-культура» Түркістан облысының әкімімен «Еуразия» жылыжай мега-кешенінің құрылыс міндеттерін талқылады

«ЭКО-культура» Түркістан облысының әкімімен «Еуразия» жылыжай мега-кешенінің құрылыс міндеттерін талқылады

«ЭКО-Культура» компаниясының президеті Александр Рудаков бастаған делегациясы Түркістан облысының билік өкілдерімен кездесті. Бірқатар кездесулер 500 гектар құрайтын «Еуразия» жылыжай мега-кешенің салу барысын талқылауға арналған.

Жергілікті билікпен жоспарланған кездесулер, 17 мамыр күні Нұр-Сұлтан қаласында өткен  үшінші жылсайынғы қазақстандық жаһандық инвестициялар бойынша дөңгелек үстел (KGIR-2019) барысында 1,1 млрд. АҚШ доллар құрайтын 50 гектарлық жылыжай мега-кешенін салу туралы меморандумын іске асыруға арналған. Жылыжай мега-кенінің жобасы қазақстандық «Green Land Alatau» компаниясымен бірлесе отырып жасалады деп күтілуде.

Сапар барысында кәсіпкер Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен кездесті. Екіжақты келіссөздер барысында жобаның қаржы моделі, жер телімін беру механизмі, сондай-ақ Қазақстандағы ең үлкен жылыжай кенінің жұмыс істеудін техникалық параметрлері секілді маңызды сұрақтарды талқыланды. Жобаны бірнеше кезеңдерде бес жылдың ішінде іске асыру жоспарланып отыр, соның нәтижесінде 10 мыңға жуық жаңа тұрақты жұмыс орын ашылады деп күтілуде.

Бұдан бөлек, сапар барысында Түркістан облысы Келес және Сарыағаш ауданының әкімдерімен кездесулер жоспарланған. Тараптар кұрылыс алаңына барып, жер телімін және ланшафт мәселелерін егжей-тегжейлі қарастырмақ. Сонымен қатар шетелдік инвестор жергілікті жылажай кешендерімен танысып, кооперативтік әріптестіктің келешегін талқылайды.

Алексей Рудаков, «ЭКО-культура» АӨХ директорлар кеңесінің төрағасы, президенті: «Осындай ірі жобаны іске асыру туралы идеясы Kazakh Invest-пен бірінші кездесу барысында келді. Біз Қазақстанда жобаларды іске асырамыз, бірақ олардың бәрі шағын. Бізге ұлттық компания тарапынан жәрдем беру туралы ұсыныс түскеннен кейін ғана бұл қадам жасауға шешім қабылдадық. Жобаны іске асыру нәтижесінде 10 мың жаңа жұмыс орын ашамыз. Бұл үлкен әлеуметтік әсерін береді. Меморандумға қол қойған сәттен жарты ай өтіп, міне нағыз белсенді жұмыс істеу кезеңіне кірістік. Kazakh Invest-тің қолдауы арқасында осындай қысқа уақыттың ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Жобаның сәтті жүзеге асырылуына үміттеніп отырмыз».

«ЭКО-культура» компаниясының жылыжай кешендері ауылшаруашылығы өнімдерін өсіру кезеңдерін басқарып, тамшылатып суару, жылу және салқындату жүйелерін заманауи автоматтандырылған микроклиматты басқару жүйесімен жабдықталған.

«ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингі –экологиялық таза жабық топырақта өсірілген көкөністердің Ресейдегі басты өндіруші. Негізгі өнімдері: қызанақ, қияр және жапырақты салат.

Бүгінгі таңда холдингтің өндірістік қуаты 207 гектарда орналасқан жоғарытехнологиялық жылыжайлар құрайды(Ставрополь өлкесі, Ленинград және Липецк облыстары).2018 жылдың қорытындысы бойынша көкөністердің өндіру үлесі отандық қызанақ өндірісінің 6 пайызын құрады. 2023 жылдың жоспары – 30 пайыз.

«ЭКО-культура» холдингінің құрылымына 7 әрекетті жылыжай кешендері кіреді. 2019 жылы Липецк және Тула облыстарында жаңа өндірістіқ аймақтарын пайдалануға берілу арқылы өндірісті кеңейту жоспарланып отыр. 2023 жылы «ЭКО-культура» холдингінің Қазақстандағы, Ресейдегі және Украинадағы жоғарытехнологиялық жылыжай кешендердің аумағы 1500 гектардан асып, жылына өндіретін өнімінің көлемі 600 мың тоннаға жетеді.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге