x
Kazakhstan Global Investment Roundtable
НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫ
17 | 05 | 2019
Басты Инвестициялық Іс-Шара
Тек шақыру бойынша

Медиа орталық

Жаңалықтар

Үндістан кәсіпкерлері қазақстандық бизнес-жобаларды үнді кәсіпкерлеріне таныстырды

Үндістан кәсіпкерлері қазақстандық бизнес-жобаларды үнді кәсіпкерлеріне таныстырды

Батыс Бенгалия штатының астанасы Колката қаласында Қазақстан-Үндістан инвестициялық форумы өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Елшілігі, жергілікті сауда-өнеркәсіп палатасы (MCCI) және «Kazakh Invest» ұлттық компаниясы бірлесіп ұйымдастырды.

Форумға Үндістанның машина жасау экспортын дамыту жөніндегі кеңестің өкілдері, Үндістан экспорттау ұйымдары федерациясы, сарапшылар мен академиялық топтар, сондай-ақ 50-ден астам үнді компаниялардың (India power, RUPA Company Limited, JG Chemicals, KK Group, Multiwyn Group и др.) басшылары қатысты.

Форум қатысушыларына Қазақстандағы бизнес жүргізу мүмкіндіктер туралы толық ақпарат, шетелдік инвестицияларды тарту жағдайлары, мемлекеттік қолдау және бәсекелестік артықшылықтары ұсынылды. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Марат Биримжан Қазақстандағы инвестициялық ахуал туралы және елдегі бизнес-жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып, бірқатар басым инвестициялық жобалар туралы хабарлады және үнді компанияларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды.

«Біздің елдеріміз арасындағы екіжақты ынтымақтастық тұрақты түрде дамып келеді. Қазақстан қысқа мерзім ішінде жасаған ауқымды өзгерістерді жоғары бағалаймын. Ел қолайлы инвестициялық ахуалға ие, бизнес үшін ашық және тартымды болды», - деді MCCI Президенті Вишал Джаджариа.

Үндістан кәсіпкерлері «Kazakh Invest» және «Самұрық-Қазына» компанияларының машина жасау, телекоммуникация, ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі, денсаулық сақтау және т.б. салаларындағы презентацияларында көрсетілген жобаларға ерекше қызығушылық танытты.

Форум барысында үнді әріптестерімен бірқатар жобаларды бірлесіп іске асыру туралы келісімдерге қол жеткізілді. Атап айтқанда, қазақстандық Shimkent Temir компаниясының өкілі Үндістанның серіктестерімен тура тотықсыздалған темір шығаратын құрал-жабдықтарды сатып алу бойынша кездесу өткізді.

Бұдан бөлек, қазақстандық делегация әлемдегі ең ірі металлургиялық компаниялырдың бірі Tata Steel компаниясымен металлургия және металл өнімдерін өндіру саласында ынтымақтастық туралы келіссөздер жүргізді.

Бұрын Қазақстанның Нью-Делидегі Елшілігінде Қазақстан мен Үндістанның іскер топтарының кездесулері өтті. Іс-шара аясында қазақстандық делегация үнді кәсіпкерлерімен бірқатар кездесулер өткізді.

Тараптар энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және қаржы салаларындағы бірқатар жобаларды, сондай-ақ Астана халықаралық қаржы орталығының мүмкіндіктерін талқылады.

Атап айтқанда Үндістанның ең ірі энергетикалық конгломераты NTPC Limited, Үндістан инвестициялық қорымен, Millennial India International сауда палатасымен және Үндістандағы ең ірі ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші Mahindra компаниясымен кездесулер өткізілді.

Айта кету керек, қазіргі таңда Қазақстан мен Үндістан ғарыш, әскери-техникалық ынтымақтастық, IT, Fintech, мұнайгаз және банк ісі сияқты ауқымды салаларда бірлесіп жұмыс атқарып келеді. Қазақстан Үндістан үшін уранның негізгі экспорттаушы болып табылады. Ағымдағы қазақ-үнді сауда айналымы АҚШ $ 1,2 млрд құрайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге