Медиа орталық

Жаңалықтар

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Канадада Toronto Global Forum 2019 форумында таныстырылды

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері Канадада Toronto Global Forum 2019 форумында таныстырылды

«KAZAKH INVEST» компаниясы Канадада «Toronto Global Forum 2019» жыл сайынғы жаһандыө экономикалық форум барысында Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен инвестициялау үшін әлеуетті салаларын таныстырды және шетелдік бизнес өкілдеріне инвесторларды мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып берді.

Ауқымды іс-шараға түрлі елдердің басшылары, Fortune 500 компанияларының басты директорлары, халықаралық ұйымдар мен орталық банктердің басшылары қатысты.

Форум шеңберінде құрамына Канададағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ақылбек Камалдин мен KAZAKH INVEST өкілдері кірген делегация Канада, АҚШ және Латын Америка елдерінің трансұлттық корпорациялары мен ірі компанияларының түрлі жетекшілерімен 30-дан астам кездесулер өткізді. Кездесу барысында бизнес өкілдеріне Қазақстанның АӨК, газхимия, энергетика және ТКМК салаларындағы тауашалы инвестициялық жобалары таныстырылды.

Осылайша, Gurnet Capital Point (США) өкілдерімен келіссөз жүргізу барысында Қазақстан территориясында медициналық хаб құру мәселесі, атап айтқанда, фармацевтика мен медицина саласында инновациялық жобаларды іске асыру талқыланды.

«Қазіргі уақытта әлем көшбасшылары мен трансұлттық корпорациялар дамушы елдерде жаңа әлеуетті нарықтарды іздестіруде. Бұл ретте Қазақстанның Орталық Азия өңірінде біздің өндірісті түрлі бағыттарда кеңейтуүшін әлеуеті зор»,-деп атап өтті Gurnet Capital Point басқарушы директоры Кристофер Вибахер

Бұдан басқа, аргентиналық Integra Capital компаниясының инвесторларымен кездесу барысында делегаттар ӘҚМ еті мен сояны қайта өңдеу саласында әлеуетті жобаларды талқылады.

 «Біздің аргентиналық серіктестермен бірлесе отырып, біз қазақстандық жобаларды зерделеуге және Қазақстанды инвестициялау үшін жаңа мүмкіндіктерді іске асыру үшін алаң ретінде қарастыруға әзірміз. Жақын арада біз Қазақстанда өндірістік алаңды қарастыруды және жылдың соңына дейін компаниялар басшылығымен танысуды қалаймыз»,- деді Integra Capital президенті Хосе Луиз Манзано.

Кездесулер қорытындысы бойынша бірнеше компаниялар Батыс Қазақстан облысында метанол өндірісі, арнайы техниканы орналастыру, литийді барлау және қайта өңдеу және т.б. сияқты жобаларға қызығушылық танытты. Сонымен бірге, әлемнің жетекші компанияларымен цифрландыру және киберқауіпсіздік саласында жаңа трендтер талқыланды. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге