Медиа орталық

Жаңалықтар

Германияда Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерінің тұсауы кесілді

Франкфурт-на-Майне қаласында Қазақстандағы инвестициялық мүмкіндіктерге және Қазақстан мен Еуразиялық экономикалық одақтың ЕО серіктестігіне арналған конференция болып өтті. Құрметті қонақтар қатарында ГФР экс-премьер-министрі Вольфганг Клемент те болды.

Конференция барысында қатысушылар Қазақстанда жүргізіліп отырған әлеуметтік-экономикалық реформалармен танысты, неміс бизнесмендері үшін инвестициялық мүмкіндіктердің тұсаукесері өткізілді. Конференция қорытындысы бойынша Қазақстанмен серіктестікке ерекше қызығушылық танытқан Германияның іскерлік ортасы өкілдерімен кездесулер өткізілді.

Бұдан басқа, сапар шеңберінде басқарушы директор Жандос Нұрланов бастаған «Kazakh Invest» делегациясы ағымдағы жобалар мен серіктестік болашағын талқыға салу мақсатында ірі неміс бизнесмендерімен 10 астам кездесу өткізді.

«Sinalco» компаниясының даму департаментінің басшысы Майкл Ясински еуропалық алкогольсіз сусындардың ертеден келе жатқан брендін Қазақстанда өндіру жоспары туралы айтты. «Sinalco» – бұл алкогольсіз сусындардың танымал бренді. Өнім алғашқы рет 1902 жылы сатылған және қазірде 200 астам мемлекетте сатылымда бар.

«EVONIK» вице-президенті доктор Арне Хоппен кездесу барысында тараптар ҚР аумағында жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін талқыға салды. Evonik Industries AG – бұл айналымы 3,9 млрд еуроны құрайтын ірі неміс ТҰК, оның 60 % Германия шегінен тыс операциялар болып табылады. Evonik Industries химиялық өнімдер өндірісі, энергетика және жылжымайтын мүлікті басқару салаларында жұмыс жасайды.

Сонымен қатар, «WABCO» және «FB Waste Recycling» неміс компанияларының басшыларымен қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және Қазақстандағы қолданыстағы кәріз-тазарту құрылғыларын жаңа технологияларды пайдаланып қайта жаңарту бойынша МЖС жобаларын іске асыру жөнінде кездесулер өткізілді.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге