Жаңалықтар

Бас портал

Бейжінде өткізілген «Бір белдеу, бір жол» инвестициялық семинары инвестиция саласындағы сарапшыларды жинады

Бейжінде өткізілген «Бір белдеу, бір жол» инвестициялық семинары инвестиция саласындағы сарапшыларды жинады

Бейжінде «Бір белдеу, бір жол» инвестициялық семинары шеңберінде Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері ұсынылды. ҚР-ның Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің қолдауымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен «Deloitte» халықаралық консалтингтік компаниясының өкілдері бірлесіп өткізген іс-шара өзінің алаңында 100-ден астам қытайлық бизнес қауымдастықтың өкілдерін жинады. Оның ішінде, CITIC Group, CNPC, Chemchina, Sinochem, WH Group және тағы басқа ірі компаниялар бар.

Іс-шара барысында бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары мен Қазақстан экономикасына инвестициялаудың басымдықтары жөнінде KAZAKH INVEST Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Канешев айтып берді: «Қазақстанда инвестициялау үшін шетелдік компанияларға тартымды мүмкіндіктер ұсынатын көптеген салалар бар. Мысалы, агроөнеркәсіп кешені, мұнайхимия, металлургия, туризм және фармацевтика. Шетелдік инвесторлар үшін сенімді әріптес ретінде KAZAKH INVEST сараптамалық кеңестер ұсынады және инвесторларға инвестициялау үшін барынша қолайлы жобаларды таңдауға қолдау көрсетеді», - деп атап өтті спикер.

Өз кезегінде, Ауыл шаруашылығы саласындағы айырбас жөніндегі Қытайлық қауымдастығы хатшысының орынбасары ЛЮ Ядан екі елдің АӨК саласындағы компанияларының арасындағы серіктестіктің зор әлеуетін атап өтті: «Сапалы қазақстандық ауыл шаруашылық және азық-түліктік өнімді Қытайға жеткізуді орнату саласында болсын, ҚР нарығы және ЕАЭС елдері мен ҚХР экспорттау үшін алдыңғы қатарлы қытайлық технологияларды пайдаланып, аталған өнімді Қазақстанда бірлесіп өндіруде болсын, екіжақты серіктестік үшін айтарлықтай мүмкіндіктер бар».

Бұдан басқа, семинар барысында ТКМ, химия және мұнайхимия, көлік және логистика, АӨК салаларындағы өздерінің инвестициялық жобаларын қазақстандық бизнес-қауымдастықтың 20-дан астам өкілдері презентациялады.

Қазақстандық жобаларды презентациялау қорытындысы бойынша екі елдердің компаниялары арасында В2В-кездесулері өткізілді, серіктестік келешегі талқыланды. Бірқатар жобалар бойынша толығырақ ақпарат алмасу және өзара жұмыс сапарларын ұйымдастыру жөнінде келіссөздерге қол жеткізілді.

Қазақстандық бастамашы-компаниялардың қатысуымен қазақстандық инвестициялық жобаларды жылжыту жөніндегі іс-шара Бейжін қаласында KAZAKH INVEST ұйымдастыруымен екі жыл қатарынан өткізілуде деп атап өтеміз. Сондай-ақ, ағымдағы жылы қазақстандық компаниялар АӨК саласындағы жобаларды бірінші рет ұсынды. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге