Медиа орталық

Жаңалықтар

Қазақстанның инвестициялық әлеуеті 143 елінің инвесторларына ұсынылды

Қазақстанның инвестициялық әлеуеті 143 елінің инвесторларына ұсынылды

Араб әлемі мен әлемдік ТҰК инвесторларды Қазақстанға инвестиция салуға шақырды. Kazakh Invest компаниясы Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан инвестицияларды тарту және қолдау жөніндегі келіссөзші бола отырып, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен инвестициялар үшін перспективті секторларды ұсынып, халықаралық бизнесті инвесторларға арналған мемлекеттік қолдау шаралары туралы Дубайдағы ең ірі инвестициялық іс-шарасы Annual Investment Meeting-те мәлімдеді.

Шара барысында, «Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев бастаған делегация Dubai Investments, Al Hli Holding Group, HHTnun Private Office Bin Saed Bin Tahnoon Al Nahyan, Alfanar және ARABSKY, сондай-ақ Duwaya Investment, Medtronic, National Petroleum Construction, Almajdouie Investment Company, eResolute және Lilavati компанияларына бірқатар таныстырылым өткізді. Іс-шара барысында «Kazakh Invest» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін бірыңғай келіссөзші ретінде, халықаралық бизнеске шетелдік инвестицияларды қолдаудың перспективті бағыттары, шетелдік инвесторларды қолдау шаралары, сондай-ақ елімізде бізнес жүргізу артықшылықтары туралы толық мәлімдеді.

Кездесулер шетелдік компаниялардың ұсынылған жобаларға инвестиция салу мүмкіндігін қарастыруына үлкен қызығушылық тудырды. Мысалы, Dubai Investments денсаулық және білім саласындағы жобаларға қызығушылық білдірді, «Jenaan Invetment» ауылшаруашылық саласындағы жылыжайларды салу жобаларын жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыруды жоспарлап отыр, ал Сауд Арабиясының «Al Fanar» компаниясы электр құатын өндіретін және ЖЭК саласындағы жобаларға инвестиция салуға үлкен қызығушылық танытты.

«Біз басқа нарықтарға шығуды, сондай-ақ компаниямызды кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Қазір біз Қазақстанды әріптес ретінде қарастырып жатырмыз. Жақын арада біздің компания Қазақстанға сапармен баруды жоспарлап отыр», - деді жеке аурухана мен «Lilavati» зерттеу орталығының сенімді басқарушы Прашант Мехта (Индия).

«еResolute компаниясы аймақтық хабты құрып, Орталық Азия нарығына шығуды жоспарлап отыр. Қазақстан өзінің қолайлы географиялық орналасудың, дамыған инфрақұрылымының, тартымды инвестициялық климаттың және шетелдік инвесторларға ұсынылатын жеңілдіктердің арқасында біз үшін инвестиция салатың ең қолайлы нұсқа», - деді Eresolute компаниясының қалаушы және бас директоры Кашиф Ахмед Хан (БАӘ).

«Жаңа инвестициялық мүмкіндіктерді іздеу - осы мақсатта біз AIM-ге қатыстық. Қазақстанның павильоны елінің инвестициялық ахуалы және арнайы экономикалық аймақтар ұсынатын жеңілдіктері туралы көбірек білуге ​​мүмкіндік берді. Біз Қазақстанды болашақ бастамалар үшін қарастырамыз», - деді Duwaya Investment  компаниясының бас атқарушы директоры Абдулхамид Дувая(БАӘ).

Шетелдік инвестициялық қоғамдастығы Kazakh Invest компаниясының еңбегін жоғары бағалағандықтан, ұлттық компания AIM Investment Award (Runner Up) номинациясы бойынша марапатқа иеленді. Марапат, Қазақстанның экономикалық дамуына үлкен үлес қосқан,  тікелей шетелдік  инвестицияларды тартуда компанияның халықаралық тануды мен үлкен табысын растайды. Атап айтқанда, 2018 жылы тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 24,3 млрд. АҚШ долларын құрады, бұл 2017 жылымен салыстырғанда 15,8% -ға артық.

Жыл сайынғы Annual Investment Meeting (AIM) Инвестициялық Форумы Дубай қаласында (Біріккен Араб Әмірліктері) 2019 жылдың 8-10 сәуірінде өтті. AIM - БАӘ Экономика министрлігі ұйымдастырған және Дубайдың Әмірі, БАӘ-нің Премьер-Министрі және вице-президенті шейх Мұхаммед ибн Рашид Әл Мактум бастаған ірі инвестициялық іс-шара. AIM әлемнің 143 елінен 20 000-нан астам қатысушыларды, тұрақты инвестициялық әріптестікті және бизнес пен елдерді біріктіреді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге