Жаңалықтар

Бас портал

Қазақстан экономикасына салынған швейцариялық инвестициялар көлемі $24 млрд астам соманы құрады

Қазақстан экономикасына салынған швейцариялық инвестициялар көлемі $24 млрд астам соманы құрады

Нұр-Сұлтан қаласында Швейцария Президенті – Федералды Кеңесші Уели Маурердің және Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі, Қазақстан-Швейцария Үкіметаралық комиссияның сауда-экономикалық серіктестігі бойынша қос-төрағасы Бақыт Сұлтановтың, сондай-ақ, екі елдің 120-дан астам іскерлік топтар өкілдерінің қатысуымен Қазақстан-швейцар дөңгелек үстелі өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында тараптар Қазақстан мен Швейцарияның сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестігін одан ары дамыту келешегін талқылады.

Швейцария Президенті – Федералды Кеңесші Маурер өз сөзінде Қазақстан тұрақты экономикалық өсім мен қолайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ете отырып, айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді деп атап өтті.

«Дөңгеле үстел үлгісіндегі бүгінгі кездесу екі елдің іскерлік қатынасын дамытуға серпін беретініне сенімдімін. Бізде сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту үшін зор мүмкіндіктер бар. Бүгінгі күні түрлі салалардағы бірлескен инвестициялық жобларды іске асыру серіктестігін талқылауға ниеттіміз», - деп айтты Швейцар Конференциясының Басшысы.

Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі Қазақстан мен Швейцарияның сауда-экономикалық әріптестігі жоғары деңгейде екенін атап өтіп, екі елдің бизнесмендерін туризм, агроөнеркәсіптік кешен, машина жасау, фармацевтика және басқа салалардағы инвестициялық серіктестіктің жаңа мүмкіндіктерін қосымша зерделеуге шақырды.

«Қазақстан мен Швейцария арасында сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті одан ары дамытудың айтарлықтай әлеуеті қаланған. Біздің экономикамыздағы барлық тікелей шетелдік инвестициялардың 8%-ы Швейцарияға тиесілі», - деп атап өтті Бақыт Сұлтанов.

Дөңгелек үстел барысында швейцариялық компаниялар республикадағы инвестициялық мүмкіндіктермен танысу, қазақстандық әріптестермен пікір алмасу және бизнесті дамыту келешегімен бөлісу мүмкіндіктеріне ие болды.

«Swissgrow AG» компаниясының директоры Нури Угурлу презентациямен сөз сөйледі. Аталған компания түрлі табиғи-климаттық жағдайларда және топырақтың әр түрінде қолданылатын ауыл шаруашылығы үшін 400-ден астам арнайы тыңайтқыштар өндірумен айналысады.

Тұрғын және қонақ үй мүлкі саласында көшбасшы анықталатын «REY GROUP» компаниясы да өз жетістіктерімен бөлісті. Қазақстанда «REY GROUP» компаниясы Ақмола облысындағы Бурабай шипажайын дамыту жөніндегі жобаға қатысады, оның шеңберінде компания «Aqbura Resort» кешенінде қонақ үй мен шале құрылысын жүргізуде.

«Stadler Rail CIS» компаниясының Атқарушы директоры Александр Люфт сөз сөйлеу барысында «Smile» және «Flirt» поездарын, трамвайлар, метро, локомотивтер, таулы аудандардағы тісті темір жолдар үшін жылжымалы құрамдарды өндіру мәселелерін егжей-тегжей қарастырды.

«SUISAG AG» бас директоры Маттео Эпли компанияның шошқа шаруашылығы, асыл тұқымды жануарларды іріктеу және көбейту саласындағы тәжірибесімен және жетістіктерімен бөлісті.

Бұдан басқа, дөңгелек үстел алаңындағы екіжақты келіссөздер шеңберінде қазақстандық және швейцар делегаттары машина жасау, туризм, АӨК, өңдеу өнеркәсібі, қызмет көрсету, мұнайхимия және энергетика салаларында бірлескен жобаларды іске асырудағы серіктестік мәселелерін талқылады.

Диалогтың алаң шеңберінде екі тараптар арасында 6 құжатқа қол қойылды:

- «Қазақстан Республикасында қонақ үйлерді сыныптаудың ұлттық жүйесін әзірлеу және енгізу» «KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ мен «Swiss Choice Holding SA» компаниясы арасындағы серіктестік туралы меморандум;

- «AQBURA DEVELOPMENT» және «Swiss Choice Holding SA» компанияларының басқару және франшиза келісімі;

- «Тауарлардың қадағалануын таңбалау жүйесі» «Транстелеком» АҚ мен «SICPA» компаниясы арасындағы серіктестік туралы меморандум;

- АХҚО мен «BLACKFORT» компаниясы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

- АХҚО мен «CLARUS CAPITAL» компаниясы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум;

- АХҚО мен «HERCULIS» компаниясы арасындағы өзара түсіністік жөніндегі меморандум.

Дөңгелек үстелдің ұйымдастырушысы ретінде ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Сауда және интеграция министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ мен Қазақстан Республикасындағы Швейцария Елшілігі қатысты.

Швейцария өзара сауда қатынасы көлемі бойынша алғашқы ондыққа кіретін Қазақстанның ірі сауда әріптестерінің болып табылады деп атап өтеміз. Екі ел арасындағы сауда айналымы 2019 жылдың 9 айы ішінде 1,9 млрд АҚШ долларын құрды.

Қазақстан экономикасындағы швейцариялық инвестициялардың жалпы көлемі 2005 жылдан бастап 2019 жылдың 1 жартыжылдығы аралығында
24,2 млрд. АҚШ долларына тең болды. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығының қорытындысы бойынша тартылған тікелей инвестициялар көлемі
1 млрд. АҚШ долларына жетті.

Қазіргі уақытта Қазақстанда швейцариялық капиталдың қатысуымен 40-тан астам кәсіпорындар сәтті қызмет етуде, оның ішінде: «ABB», «Ammann Asphalt GmbH», «Georg Fischer», «Algroup», «Rieter», «Mettler Toledo», «Bühler», «Clariant», «Hilti», «Leica», «Nestlé», «Panalpina», «Roche», «Novartis», «Sica», «SGS», «Syngenta», «UBS», «Swatch Group» және т.б. компаниялар. Өндірістік салада «Glencore» (KAZZINC әріптесі), «Philip Morris» концерні және «Vigier» цемент зауыты белсенділік танытады.

Ресми іс-шаралар өзара түсіністік пен сенім бағытында өткенін атап өту қажет, тараптар қол жеткізілген келіссөздер мен қабылданған шешімдер Қазақстан Республикасы мен Швейцар Конфедерациясы азаматтарының қамы үшін қызмет етеді деп айтты.


Анықтама үшін: Бүгін Сауда-экономикалық серіктестік жөніндегі Қазақстан-швейцар үкіметаралық комиссиясы екіжақты экономикалық байланыстарды кеңейтуге ықпал етеді. Қазақстандық тараптан қос-төраға ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов. Швейцария тарапынан – Екіжақты экономикалық серіктестік жөніндегі басқарма басшысы, Федералды Кеңестің сауда келісімдері бойынша уәкілетті тұлғасы Эрвин Боллингер (елші дәрежесінде).

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге