Медиа орталық

Жаңалықтар

Kazakh Invest UK Export Finance Британдық экспорттық-кредиттік агенттігімен ынтымақтастығы туралы меморандумға қол қойды

8 қазанда қазақстандық-британдық халықаралық комиссияның шеңберінде «Kazakh Invest» ҰК» АҚ мен UK Export Finance Британдық экспорттық-кредиттік агенттігінің арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев және Министр Дж. Холлингберри тараптардың қол қоюшылары болып шықты.

Меморандум энергетика, көлік, автомобиль және темір жолдары салаларындағы қазақстандық жобаларды, тау кен және су жобаларын 2,5 миллиард фунт стерлингке дейін мөлшерінде қаржыландыру тартуға бағытталды. Жалпы кредиттеу сомасы жобаның жалпы құнының 85%-на дейін жетуі мүмкін, кредиттеу мерзімдері 1,5-тен 3,5% -ға дейін пайыздық мөлшерлемесімен 2-ден 10- жылға дейін.

Тараптар Меморандум Қазақстан Республикасы мен Ұлыбритания және Ирландия Біріккен Патшалығының арасында коммерциялық байланыстарды нығайтудың маңызды тетігі, екі жақты инвестициялардың көлемін көбейту үшін негіз болады деп есептейді.   

Меморандумның шеңберінде Тараптар Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің басымдық салаларында ірі жобаларды қаржыландыру мүмкіндігін қарастыру туралы келісті. Тараптардың өзара күштері сумен қамтамасыз ету, су тарту, суландыру, мұнай газ химия, тау металлургиясы, агроөнеркәсіптік кешен, медицина салаларына бағытталады.

Кездесу барысында «Kazakh Invest» Ұлттық Компанияның Басқарма Төрағасы Сапарбек Тұяқбаев «Kazakh Invest» өз құзыреттілігінің шегінде UKEF инвестициялық жобаларды іске асыру мәселесі жөнінде бастамашылықты қолдауға және оларды іске асыру үшін қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік туғызуға ниетті деп атап өтті.

Анықтамалық: 

Ұлыбритания тауар айналымы бойынша 10 сауда серіктестерінің тобына, сондай-ақ ҚР ең ірі инвесторларының алтылығына кіреді, ол тартылған шетелдік инвестициялардың барлық көлемінің іс жүзінде 5% құрайды. Қазақстан мен Ұлыбританияның арасындағы екі жақты сауда айналымы 2017 ж. 1,5%-ға өсті және $1,28 млрд құрады. Экспорт $926,7 млн.дейін өсті. 2018 жылдың бірінші тоқсанында өзара сауданың жалпы айналымы $252,6 млн құрады, экспорт пен импорт $158,8 млн және тиісті $93,8 млн құрады. ҚР-да британдық қатысумен 800-ден артық заңды тұлғалар, филиалдар мен өкілдіктер тіркелген.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге