Медиа орталық

Жаңалықтар

KAZAKH INVEST АӨК саласында 20-дан астам «тауашалы» жобаларды ұсынды

KAZAKH INVEST АӨК саласында 20-дан астам «тауашалы» жобаларды ұсынды

KAZAKH INVEST Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенінің негізгі инвестициялық тауашаларын «KazAgro-2019» ауыл шаруашылық және тамақ өнеркәсібі халықаралық көрмесінде презентациялады.

Көрме қатысушыларына шетелдік капитал қатысатын отандық агроөнеркәсіптік кешен саласы туралы айтылды, сондай-ақ, келесідей бизнес-секторларға инвестициялар тарту үшін қолда бар қорлар көрсетілді: ет пен сүтті өндіру және өңдеу, жеміс-жидектер мен көкөністі өндіру және өңдеу, майлы және дәнді-дақылдарды өңдеу, қызылша қантын өндіру, жем дайындау және т.б.

Аудиторияның назары қолда бар ресурстар мен мемлекеттік қолдау шараларынан басқа, ашық экспорт нарығына да аударылды деп атап өту керек.

Тамақ өнеркәсібінің қауіпсіздігі жөніндегі исламдық ұйымның (ТӨҚИҰ) бас директорының орынбасары Хамид Опелойеру KAZAKH INVEST компаниясымен серіктестіктің жоғарғы маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстандық агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық мүмкіндіктерін ескере отырып, Қазақстан ТӨҚИҰ қатысушылар елдерінің инвесторларымен бірлесіп ауылшаруашылығы өнімін өндіру жөніндегі алаң ретінде бола алады. Бұл ретте, өндірілетін өнім біздің Ұйымның резервтік тамақ өнеркәсібі қоры арқылы мұқтаж елдерге жеткізілетін болады»,-деп айтты Хамид Опелойеру.

«Тамақ өнеркәсібі қауіпсіздігінің исламдық ұйымы: экспорт пен инвестиция» тақырыбындағы сессияда сөз сөйлеу барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарушы директоры – Өңірлермен өзара әрекет ету жөніндегі департаменттің директоры Ұлболсын Сарыбаева шетелдік инвестициялау үшін Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы негізгі тауашаларды ұсынды.

«Бүгінгі күні KAZAKH INVEST АӨК саласында 20-дан астам жинақталған жобаларды ұсынады. Барлық «тауашалы» жобалардың әлеуетті қазақстандық серіктесі бар. Жобаларды іріктеу уақытында біз екі негізгі қағидатқа сүйенеміз. Бірінші – белсенді жергілікті әріптес, екінші – жобаның экономикалық тартымдылығы. Инвестициялық жобалардың дайын тізімі инвесторлардың Қазақстанның қандай салалары мен өңірлеріне инвестициялау қажет деген сұрағына жауап береді. KAZAKH INVEST жобаны идеядан бастап қолданысқа берген уақытқа дейін толыққанды қолдау көрсетуге дайын,» - деп атап өтті
Ұ. Сарыбаева. 

Анықтама үшін: «KazAgro» дегеніміз ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібінің көрмесі. Сонымен бірге, әлемдік салалардың инновацияларын, технологиялары мен қызметтерін ұсынудың, тұтынушылар тізімін кеңейтудің және жаңа бизнес-байланыстар орнатудың кәсіби алаңы. Бұл отандық тауарлар мен қызметтерді өндіру кезінде заманауи технологиялар енгізу, сондай-ақ, сыртқы жән ішкі нарықтарда жылжыту арқылы қазақстандық тауар өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады, АӨК өндірушілері мен тұтынушылары арасында диалогтың орнатылуына ықпал етеді. «KazAgro-2019» көрмесінің бөлімдері:

  • Ауыл шруашылық техника, құрылғылар мен бөлшектер
  • Шағын ауылшаруашылық кәсіпорындар, фермерлік шаруашылықтар, саяжай телімдері үшін механикаландыру құралдары.
  • Суландыру және дренаждау.
  • Егіндікті жинау және сақтау..
  • Тамақ және өңдеу өнеркәсібі үшін құрылғылар
  • Ұн тарту құралдары.
  • Қаптау құралдары және материалдар
  • Ауылшаруашылық құрылыс, қоймалар
  • Бақша шаруашылығы, жылыжай шаруашылығы, өсімдік шаруашылығындағы технологиялардың экологиялық аспектілері, тұқым өсіру шаруашылығының суландыру және заманауи жүйесі
  • Биотехнология, ауылшаруашылық шикізаты мен өнімінің сапасын бақылау
  • Агроэкология.
  • Өсімдіктерді, тыңайтқыштар мен технологиялардың экологиялық қауіпсіз құралдары және оларды Жемдайындау өнеркәсібінде қолдану.
  • Жабық грунттар технологиясы
  • Тамақ өнеркәсібі, халал өнімдер
  • Тұқымдар, көшеттер, көкөністер мен жидектер
  • Өсімдік шаруашылығының генетикасы мен іріктелімі
  • Темекі және темекі өнімдері
  • Аграрлық ғылым, білім беру, басылым


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге