Медиа орталық

Жаңалықтар

KAZAKH INVEST Бірінші Каспий экономикалық форум 2019 аясында Қазақстанның инвестицялық әлеуетін таныстырды

KAZAKH INVEST Бірінші Каспий экономикалық форум 2019 аясында Қазақстанның инвестицялық әлеуетін таныстырды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Түрікменбашы қаласында (Түрікменстан) өткен Бірінші Каспий экономикалық форумы 2019 аясында Қазақстанның инвестицялық әлеуетін және ұлттық павильонын ұсынды. Таныстырылым аясында жоғары экспорттық әлеуеті бар казақстандық кәсіпорындар өз өнімдерін ұсынды.Қазақстандық ұлттық стендтің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы болды.

Түрікменстанның президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедовтің қатысуымен өткен форумы аясында, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірқатар әлеуетті инвесторлармен кездесулер өткізіп, Қазақстанның инвестицялық ахуалы туралы мәлімет ұсынды.

Calik Holding-пен келіссөздер барысында тоқыма өнеркәсібі саласында әріптестік мәселелері талқыланды. Бүгінгі күні түрік холдингінде 22 мемлекеттегі кәсіпорындарда 30 мыңнан астам қызметкерлер жұмыс істеуде. Холдингтің құрамына кіретін Gap Pazarlama компаниясы, тоқыма өнеркәсібі саласында ең ірі компаниялардың бірі бола отырып, Африкада, Орталық Азияда және Қиыр Шығыста өз зауыттарын құрған.

«Қазіргі таңда Түркенстанда 4 зауыттарымыз бар. Қазақстанға инвестициялау мүмкіндігін шындап қарастырудамыз. Бірақ, ол үшін бізге сенімді жергілікті әріптес қажет. Бұл салада KAZAKH INVEST-пен бірлесе отырып атқарып жатқан жұмыс өз жемісін береді деп үміттенеміз», - деді Gap Pazarlama компаниясы Бас директорының орынбасары Онур Юксель.

«Световые Технологии» компаниясының өкілдерімен кездесу барысында, ресейлік инвесторлар Алматы облысында жарықтандыру құрылғылары мен жарықтандыруды басқару жүйелерін шығару зауытын салуға дайындығы туралы айтты. Компания Орталық Азия, Монғолия және Азербайджан елдеріне өз өнімдерінің экспорт көлемін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ, өсімдіктерді қорғауға арналған химиялық құралдарын, органоминералдық және микротыңайтқыштарды, ауылшаруашылыққа арналған дәнді-бұршақты дақылдар және қант қызылшасының тұқымдарын өндіретін Ресейдің жетекші кәсіпорындарының бірі «Шелково Агрохим» АҚ өкілдерімен келіссөздер жүргізілді. Кәсіпкерлер Степногорск қаласындағы өсімдіктерді қорғау құралдарын шығаратын зауыттың қуаттылығын арттыруға қызығушылық білдірді.

Автокөлік саласындағы жобаларды жүзеге асыратын «Кориб» компаниялар тобымен екіжақты кездесу барысында, кәсіпкерлер Қазақстанда жеке өндірісін ашуға ниет білдірді. Сондай-ақ, автомобиль аккумуляторларын шығаратын «Елабужский аккумуляторный завод» ЖШҚ Қазақстанға инвестиция салуға дайындығы туралы хабарлады. «Біз үшін Қазақстан - болашағы зор нарық. Біз KAZAKH INVEST-пен ынтымақтасуға және өз саламыздағы инвестициялық мүмкіндіктерді қарастыруға дайынбыз », - деді компаниясының бас директоры Олег Коробченко.

Қазақстандық ұлттық стендтің ұйымдастырушылары Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық дамыту министрлігі, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Қазақстанның сыртқы сауда палатасы болды.

Бірінші Каспий экономикалық форумы сауда-экономикалық, көліктік ынтымақтастықты дамыту, ірі жобаларға жағдай жасау, Каспий маңы елдері экономикасының жаһандық контексттегі рөлі және түрлі салаларындағы инвестициялық тартымдылық мәселелерін талқылауды қарастырады. Форумға Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Татарстан және басқа да 10-нан астам мемлекет қатысады.

Қазақстанның сыртқы сауда палатасы 2014 жылдың құрылды және Қазақстан Республикасының Атамекен ұлттық кәсіпкерлер палатасының 100% еншілес кәсіпорны болып табылады. Қазақстан Сауда Палатасының негізгі міндеті - сыртқы экономикалық салада қазақстандық бизнестің мүдделерін ұсыну.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге