Медиа орталық

Жаңалықтар

KAZAKH INVEST «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумы аясында бірқатар инвестициялық кұжаттарға қол қойды

KAZAKH INVEST «Бір белдеу, бір жол» Халықаралық ынтымақтастық форумы аясында бірқатар инвестициялық кұжаттарға қол қойды

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ«Бір белдеу, бір жол»Халықаралық ынтымақтастық форумы барысында көлік, логистика, сауда және ауыл шаруашылығы саласындағыекіжақтымеморандумдарғақол қойды.

Shanghai Ace Investment & Development Co.Ltd компаниясымен бірлескен құжат көлік, логистика және сауда саласындағы ынтымақтастықты дамытуды қамтамасыз етеді. Қытайлық тарап «Ақтаутеңіз порты» АЭА аумағындакөлік-логистикалық базаны құруға қаражат бөлу мүмкіндігін қарастыруда, оның құрамына жеткізу базасы, жинақтау шеберханалары, контейнерлік терминал, көрме және оқу орталықтары кіреді. Құны 200 миллион долларға жуық жоба 500-ге жуық жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. БөлшектерӘзербайжанның, Ресейдің, Түркіменстанның және Иранның сыртқы нарықтарына экспорттау жоспарлануда.

«Ақтаутеңіз порты» АЭА және қала үшін бұл жоба өзінің нарығын әртараптандыруға мүмкіндік және Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға қуатты серпін береді.

Бұдан бөлек KAZAKH INVESTCITIC Construction компаниясыменынтымақтастық туралы меморандум түзеді. Құжат аясында шетелдік компания елімізде суару жүйелерін дамытпақ. Тараптар 2018 жылы бекітілген суармалы жерлерді дамытудың 2028 жылға дейінгі жоспарын жүзеге асыруда үлкен серпін береді.

Өз кезегінде, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, инвесторлар үшін «бір терезе»бола отырып, қажетті жәрдемдесушараларынқамтамасыз етуде. Атап айтқанда, компания инвесторлар үшінжергілікті әріптесті анықтауға, салалық мемлекеттік органдармен диалог орнатуға, салықтық және инвестициялық преференциялар алуға жан-жақты қолдау білдіруде.

 

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге