Медиа орталық

Жаңалықтар

Қазақстан Германияда Berlin Bazaar-2020 жәрмеңкесінде ұлттық павильонын ұсынады

Қазақстан Германияда Berlin Bazaar-2020 жәрмеңкесінде ұлттық павильонын ұсынады

Қазақстандық өндірушілер Германияда әлемдегі ең ірі Berlin Bazaar-2020 халықаралық жәрмеңкесіне қатысады. Тиісті келісімге Берлинде Қазақстан-Герман бизнес форумы шеңберінде қол қойылды.

Қазақстандық павильонды қолдан жасалған заттарды, табиғи өнімдерді және Fair Trade тауарлары өндірушілері мен дизайнерлер таныстырады. Жәрмеңке 2020 жылдың қараша айында ұйымдастырылады деп жоспарлануда.

Көрмеге отандық туроператорлар да қатысады. Туризм саласының мамандары іс-шараға қатысушыларға Қазақстанның мұрағаты, курорттық аймақтары мен бірегей табиғи ландшафттары туралы айтып беру мүмкіндіктеріне ие болады.

«Көптеген жиһангездерді ерекше мәдениет қызықтырады. Қазақстан жаңа туристтерді тарту үшін дара болуы тиіс, бірегей ерекшеліктерін негізге тарта отырып өз өнімін өндіруі керек. Біздің дизайнерлер мен қолөнершілердің өнімдері осындай болып табылады. Шетелдік туристтер үшін, ең алдымен, барып қайтпақ ел туралы өзекті ақпарат маңызды», - деп атап өтті «Creative&Innovation institute» ЖШС өкілі Ирина Нечаева.

Атам өту керек, жыл сайын Berlin Bazaar 60-тан стам елдерден 500 жуық өндірушілер мен ритейлерлерді жинайды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрме ұлттық бренд үшін жаңа экспорт нарықтарын ашуға, келушілерді қазақ халқының мәдениеті және тұрмысымен таныстыруға, сондай-ақ, әлеуетті туристтермен байланыс орнатуға жол ашатын тиімді алаң болмақ.

 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге