Медиа орталық

Жаңалықтар

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек бастаған қазақстандық делегация ҚХР барып қайтты

ҚР Үкіметі және ҚХР Үкіметі арасында қол қойылған ынтымақтастықты арттыру туралы келісім шеңберінде ҚР ИДМ және ҚХР ДРМК арасында бірлескен инвестициялық жобаларды талқылау мәселелері бойынша 15-отырыс болып өтті. Тараптар диалогы барысында индустрияландыру және инвестиция салаларындағы бірлескен жобалардың тізімі қарастырылды. Іс-шара Қытай Халық Республикасындағы ҚР елшілігі және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен өткізілді.

Сапар барысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек ағымдағы жобаларды жүзеге асыру және әлеуетті инвесторлармен алдағы уақыттағы серіктестік перспективасын талқыға салу мақсатында қытайлық ірі бизнесмендермен 10 артық кездесу өткізді. 

Бүгінгі таңда қытайлық компаниялар жаңартылатын энергия көздері саласындағы қазақстандық жобаларға белсенді түрде инвестиция салып отыр. Universal Energy компаниясы күн және жел электр станцияларының құрылысы бойынша жалпы сомасы 400 млн АҚШ долларын құрайтын жобаларды жүзеге асыруда. Ағымдағы жылы Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology компаниясы да Маңғыстау облысында жел электр станциясының құрылысы бойынша жобаға инвестиция салған. Жоба 2019 жылы қолдануға беріледі деп жоспарланып отыр. Кездесу барысында Қазақстанның күн энергетикасын дамыту саласында Canadian Solar және China Energy Engineering Corporation компанияларының басшылықтарымен әрі қарайғы серіктестік перспективасы қарастырылған. 

Бірлескен жұмыс перспективасын талқылай отырып, Horgos Xingbang Trading Co. компаниясының басшылығы Қарағанды облысында электролиттік марганец өндірісі бойынша зауыттың құрылысы жоспары туралы айтты. Зауыттың қуаты жылына 60 мың тоннаны құрайтын болады. Қытай тарапынан инвестиция сомасы 50 млн АҚШ долларынан асады. Қосылған құны жоғары аталған өнім түрі Қазақстан үшін инновациялық өнім болып табылады. 

China CAMC Engineering Co. Ltd. (CAMCE) басшылығымен кездесу барысында тараптар Қостанай облысында ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу бойынша заманауи кешен құрылысы мәселелерін талқыға салды. Аталған жобаға жалпы инвестиция сомасы 300 млн АҚШ долларын құрайды.

Жоғарыда айтылған кездесулер шеңберінде «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Біржан Қанашев диалог қатысушыларымен ҚР инвестициялық климатын жақсарту мәселелерін талқылады.

 Анықтама: 

«China Machinery Engineering Corporation» корпорациясы (CMEC) — бұл инженерлік жобаларды орындауды жүзеге асыратын конгломерат, 1978 жылы құрылған. CMEC бизнесі халықаралық инженерлік келісім-шарттар және жалпы халықаралық сауда саласында 150 астам мемлекеттер мен аймақтарды қамтиды. Компанияның Қытайда 26 филиалы және Гонконг пен басқа да мемлекеттерде 13 филиалы және 26 өкілдігі бар. 

«Universal Energy» компаниясы 2015 жылы құрылған. Компания таза энергия көздерін дамыту мен генерациялауға маманданған, ол өз қызметін АҚШ, Канада, Жапония, Малайзия, Непал, Лаос, Ресей Федерациясы, Қазақстан, Дубай (БАӘ) секілді мемлекеттерде жүзеге асырады, Гонконг, Моңғолияда, Ляонин, Чжэцзян, Цзянсу провинцияларында еншілес кәсіпорындары бар. Компанияның жарғылық капиталы - 100 млн. юань (шамамен 15,87 млн АҚШ доллары).

«Beijing Jiufang Tianhe New Energy Technology» компаниясы 2011 жылы тамыз айында құрылған. Қызметінің негізгі бағыттары ЖЭК саласындағы инвестициялар, құрылыс және техникалық көмек көрсету болып табылады. Белгіленген энергетикалық қуатының жалпы көлемі 500 МВт. Қызметкерлерінің саны 500 адам.

Қытай энергетикалық инжиниринг корпорациясы China Energy Engineering Corporation Ltd (CEEC) – қытай мемлекеттік энергетикалық конгломераты болып табылады, штаб-пәтері Пекинде орналасқан. 2011 жылы құрылған және Қытайда және дүние жүзінде кешенді шешімдердің ең ірі жеткізушілерінің бірі болып табылады. СЕЕС Forbes Global 2000 рейтингінде 754 орынды және Fortune Global 500 тізімінде 312 орынды иеленген. Активтері 52,8 млрд АҚШ долларын, кірісі 34,8 млрд АҚШ долларын құрайды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге