Жаңалықтар

Бас портал

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтіп жатыр

Варшавада Қазақстан-Польша бизнес-форумы өтіп жатыр

Қазақстанның инвестициалық әулеті мен бәсекелестік артықшылықтары Варшава қаласында өтіп жатқан «Invest in Kazakhstan» атты Қазақстан-Польша бизнес-форумы аясында таныстырылды.

Қазақстан делегациясының басшысы, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Біржан Қанешев Польша бизнес-қауымдастығын мемлекеттік қолдау, инвестициялық келісім шарт аясындағы преференциялары, арнайы экономикалық аймақтар және Астана қаласындағы Халықаралық қаржы орталығының жұмысы туралы мәлімдеді. Инвестициялық жобаларды идеядан бастап іске асыруға дейін және пост-инвестициялық кезеңде қолдау «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет ететінін хабарлады.

Өзге елдің кәсіпкерлері «Қазақстан-2050» Стратегиясының аясында шетелдік инвестицияларды тартудың бәсекелестік артықшылықтарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртуға ерекше қызығушылық танытты.

Айта кету керек, іс-шарада Қазақстанның және Польшаның ауылшаруашылығы, энергетика, құрылыс және құрылыс заттарын шығару, тамақ, химия, металлургия және фармацевтика өнеркәсібі саласында жұмыс істеп жатқан бизнесмендер, соңдай-ақ «Қазақстан даму банкі» АҚ, «Астана» Халықаралық қаржы орталығы, «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Kazakh Invest» ҰҚ» АҚ қатысып отыр. Поляк тарапынан Rohlig Suus Logistics SA, Polcotton, BGK, Bank Pekao, Plastiape, Mirbud, STX One, Polontex S.A., FCA, ZetTransport, Towarzystwo Inwestycyjne BTA, Pelion, DDB Group, Billon, Legato, HSH Chemie, Kabanek S.C., Mysak, JMR Europe, Instar ITS, және де жергілікті қаржы мен тауар биржасы қатысты.

Қос тараптар кездесу барысында бірқатар келіскендіктерге қол жеткізді. Атап өтетін болсақ АсылГрейн пен Polcotton компаниялары майлы дақылдарды бірлесе отырып өндіру мен өндеуге өзара келісімге жетті. АХҚО мен Варшава биржасы өкілдерінің кездесу барысында тараптар ынтымақтастық туралы келісімге келді. «Kazakhstan Project Preparation Fund» ЖШС, «Қазақстанның даму банкі» АҚ және «Gospodarstwa Krajowego» банкінің (BGK) кездесу күн тәртібінде жобаларды қаржыландыру бойынша бірлескен ынтымақтастықтың шарттарын талқылау болды.

Шараны Польшаның Кәсіпкерлік және технологиялар министрлігі мен Польша Инвестициялар және сауда жөніндегі агенттігінің қолдауымен Қазақстанның Польшадағы Елшілігі және «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы бірлесіп ұйымдастырған.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның негізгі мақсаты - Қазақстан мен Польша арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты күшейту, екі елдің іскер топтары арасында тікелей байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстандағы инвестициялық жобаларды, мүмкіндіктерді, бизнеске қолдау механизмдерін таныстыру болып табылады.

«Форум Сыртқы істер министрлігінің Мемлекет басшысының дипломатиялық қызмет саласындағы қызметін үнемдеу үшін жүктеген міндеттерін жүзеге асыру шеңберінде трансформациядан кейінгі алғашқы нақты қадамы болды», - дейді бизнес-форумның ұйымдастырушылар.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге