Медиа орталық

Жаңалықтар

KGIR-2019: Жекешелендірудің нағыз құндылығы – компания қызметтерін төмендетуде

KGIR-2019: Жекешелендірудің нағыз құндылығы – компания қызметтерін төмендетуде

Жекешелендірудің пайдасы активтерді сатудан пайда алуға ғана сайып қомайды. Үкіметтің жекешелендіруден кейінгі кезеңге де көңіл бөлгені жөн. «Жекешелендірудің қазақстандық бағдарламасы: негізгі мемлекеттік компаниялардың ІРО арқылы капитал нарығын құру» дөңгелек үстелінің барысында Қазақстанға өз ұсыныстарын Түркияның экс-вице-премьер-министрі Мехмет Шимшек айтып өтті.

Түркия өкілі жекешелендіру үдерісіндегі маңыздылардың бірі – ол мөлдірлік пен құрылымдауды қамтамасыз ету екендігін атап өтті. 

«Біз Түркияда мұндай тендерлерді өткізген кезде, олардың мөлдірлігін көрсету үшін оларды теледидарда тікелей эфирден баяндадық. Бұл шын мәнінде көмектесті», - деп айтты ол.

Шимшектің пікірінше, активті сатқаннан кейін, үкіметтің оған ендігі жерде еш қатысы жоқ деп ойламағаны жөн.

«Бұл активтің қоғам үшін бүкіл әлеуетін ашып көрсету қажет, сіздердің нағыз ырықтандыру үдерісінің өтіп жатқандығына көз жеткізулеріңіз керек. Өйткені жекешелендіруден пайда сіздердің бюджеттеріңізді жақсартуға көмектесетін уақытша табысқа ғана келіп тірелмейді. Нағыз құндылық компанияны жекешелендірудің нәтижесінде халық бұл қызметтердің анағұрлым төмен құнын алатындығында. Орынды бағамен көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсаруы тиіс, адамдар жекешелендіруден алынған пайдаларды көрулері тиіс», - деді ол.

Және де сарапшы жекешелендірудің ел бюджеті үшін қосымша табыс құрайтындығы сөзсіз екендігін қоса айтты.

«Алайда сөз сіздер сатудың нәтижесінде алатын сома туралы ғана болып отырған жоқ. Сіздердің одан әрі, жекешелендіруден кейін салықтық түсімдер барысында не алатындықтарыңыз маңызды. Сондықтан үкіметтің назарын жекешелендіруден кейінгі кезеңге баса аудару қажет. Сіздердің қандай да бір жеке монополия құрмайтындықтарыңызға көз жеткізулеріңіз керек», - деп қорытындылады Шимшек.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге