Медиа орталық

Жаңалықтар

KGIR: Инвесторлар арасында қазақстандық активтер үшін бәсекелестік туындады

KGIR: Инвесторлар арасында қазақстандық активтер үшін бәсекелестік туындады

Жеке бизнес тарапынан Қазақстандағы жекешелендіруге  қызығушылық артуда, бәсекелестік пайда болды. Егер осыдан бұрын сауда-саттыққа қатысқан инвестор саны 3-еуден аспаса, бүгінгі күні сауда-саттыққа 3-4 инвестордан қатысуда. Бұл туралы қаржы министрі Әлихан Смайылов «Қазақстандық жекешелендіру бағдарламасы: капитал нарқын негізгі мемлекеттік компаниялардың ІРО арқылы құру» атты дөңгелек үстелі барысында айтты.

2019 жылы 120 қазақстандық кәсіпорынды жекешелендіруді аяқтау жоспарланып отыр.

«Жеке бизнес тарапынан жекешелендіру процесіне қызығушылық артуда, бәсекелестік күшейді. Сауда-саттыққа қатысушылардың орташа саны бұрын 3-еуден аспаса, бүгінгі таңда 4-5 компанияны құрайды», - деп атап өтті министр.

Ол 2020 жылы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 22 компаниясын сату жоспарланып отырғандығын, оның 6-уы ІРО-ға шығатындығын атап өтті. Бүгінгі күні ІРО-ға шығаруға кезекте «Қазақтелеком» және «Эйр Астана» сияқты компаниялар тұр.

«2020 жылы «ҚазМұнайГаз» акцияларын шығару жоспарланып отыр, қалған компаниялар олардың дайын болуына байланысты алдағы кезеңде шығарылады. «Самұрық-Қазына» бүгінде әлемдік тәжірибені зерттеуде және инвестициялық банктің өкілдерімен кездесулерді өткізуде. Осы жұмыстың нәтижелері бойынша әлеуетті инвесторлардың мүддесі анықталатын болады және компаниялардың акцияларын қор нарықтарында орналастыру үшін оңтайлы сәт таңдап алынатын болады», - деп түсіндіріп өтті Смайылов.

Жалпы алғанда, Қазақстан ұлттық компанияларға корпоративтік басқарудың ең үздік стандарттарын енгізу үшін осындай компаниялардың шамамен 20 % үлесін ІРО-ға шығаруға мүдделі екендігін атап өтті министр.

«Екінші жағынан осы ұлттық компаниялардың инвестициялық жобаларын қорландыру үшін қосымша көз болып табылады. Ағымдағы жылдың соңына дейін біз «Қазақтелеком» және «Эйр Астана» акцияларының кейбір пакеттерін ІРО-ға шығаруды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы «ҚазМұнайГаз», одан кейінгі кезекте ҚТЖ, «Самұрық Энерго», «Қазпочта», «Тау-Кен Самұрық», - деп түсіндірді ол.

Смайылов Қазақстан жалпы ынтымақтастыққа дайын екендігін және инвесторларды жекешелендіру процестеріне қатысуға шақырды.

«Бізде барлық ақпарат сайтта орналастырылған. Сонымен қатар барлық қызықтыратын сұрақтарыңыз бойынша қаржы комитетіне хабарласуларыңызға болады, олар сіздерге барлық қажетті ақпаратты ұсынатын болады» - деп қорытындылады ол.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге