Медиа орталық

Жаңалықтар

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы Қостанай облысының кәсіпкерлері айтып берді

Мемлекеттік қолдау шаралары туралы Қостанай облысының кәсіпкерлері айтып берді

Инвестиция тартудың, өнеркәсіпті дамыту және шағын және орта бизнесті дамытудың өзекті мәселелері Қостанай қаласындағы кеңейтілген отырыс шеңберінде талқыланды. 

Бір алаңда Қостанай облысының 500-ден аса кәсіпкерлері мен ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің, "Kazakh Invest” ҰК" АҚ, "Қазақстанның индустрия және экспорт орталығы" АҚ және "Kazakh Export” Экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында жергілікті кәсіпкерлерге инновациялық гранттарды, инвестициялық жеңілдіктер мен өңдеу секторы, өнеркәсіп субьектілері үшін сервистік қолдау алу және экспортты іске асыру барысында логистикалық шығындарды өтеу жөнінде айтылды.

Кеңестің негізгі бөлігі аяқталған соң қаржы институттары мен облыс кәсіпкерлері арасында бөлек кездесулер ұйымдастырылды, оның қорытындысы бойынша өзара серіктестік жөнінде бірқатар келіссөздерге қол жеткізілді.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге