Медиа орталық

Жаңалықтар

KAZAKH INVEST компаниясының Басқарма Төрағасы ауыл шаруашылығы саласындағы жобалардың іске асыру барысымен тасысты

KAZAKH INVEST компаниясының Басқарма Төрағасы ауыл шаруашылығы саласындағы жобалардың іске асыру барысымен тасысты

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминның Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев ауыл шаруашалығы саласындағы бірқатар кәсіпкерлермен кездесті.

«Sunshine Agro» БК» ЖШС бас директоры Зинулла Қазиевпен кездесу барысында Бауыржан Сартбаев құаттылығы тәулігіне 1000 тонна болатын майлы дақылдарды өңдеу жобасымен танысты.

«Мемлекет Басшысы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен назар аударып отыр. Өз тапсырмасында Президент ауыл шаруашылығы саласына ірі инвесторларды тарту бойынша бірқатар нақты міндеттер қойды. Бұл жоба кластерлік даму, жергілікті өнімінің сапасын және тұрғындардың біліктілігін арттыру жағынан өте маңызды», - деді «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев.

Өз кезегінде «Sunshine Agro» БК» бас директоры Зинулла Қазиев өндірістің технологиялық дамуына бағытталған инвесторларды тарту маңыздылығын ескерді: «Шетелдік инвестормен ынтымақтасу жергілікті өнімінің сыртқы нарыққа шығу үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің жағдайда жобаға инвестордың қатысуы - жаңа жабдықпен жұмыс істеуге үлкен мүмкіншілік береді».

«Қазақстандық Агро Инновациялық Корпорациясы» (КАИК) атқарушы директоры Шыңғыс Әбішевпен кездесу барысында Бауыржан Сартбаев Ақмола облысындағы ауылшаруашылығы және коммуналдық техникасының Қазақстан-белорусс индустриалды-технологиялық паркінің жұмысымен танысты.

«Бүгінгі күні біз американдық «Amity Technology» компаниясымен әріптестік туралы келісімге қол қойдық. Бұдан бөлек біз Қазақстан аумағында Amity тұқым себу кешенін жинау туралы лицензиялық келісімге қол қойдық. Менің ойымша, бұл заманауи техниканы елімізде құрастыру – жергілікті ауыл шаруашылығы саласының технологиялық деңгейін және қазақстандық кәсіпкерлердің құзыретін арттырады», - деді Шыңғыс Әбішев.

Өз кезегінде Бауыржан Сартбаев еліміз үшін маңызды жобаларды қолдау қажеттілігі туралы айтты: «Өндіріс локализациясын кеңейту қажет деп ойлаймын. Осыған байланысты KAZAKH INVEST жан-жақты көмек көрсетуге дайын, оның ішінде Қазақстан үшін бұл маңызды жобаны қаржыландыру мақсатында әр-түрлі қаржы институттарымен ынтымақтасу жағынан жәрдем береміз».

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге