Медиа орталық

Жаңалықтар

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, онда 2020 жылы өтетін Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумына дайындық барысын қарап, индустрияландыру, тұрғын үй құрылысы, агроөнеркәсіптік кешен салаларында іске асырылып жатқан бірқатар жүйе құрушы кәсіпорындарға барды.

Жұмыс сапарына, сондай-ақ, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев қатысты. Ұлттық компанисының басшысы жергілікті инвестициялық жобаларының басшыларымен бірқатар кездесулер өткізді.

Индустрияландыру картасы аясында іске қосылған қыш кірпіш өндіретін «ENKI» кәсіпорнында ҚР Үкіметінің басшысы технологиялық өндірістің автоматтандырылған процесі мен шығарылатын өнімдер түрлерін қарады. Зауытта жыл сайын 60 млн данаға жуық қыш кірпіш шығарылады. Өндіріс көлемін 90 млн данаға дейін ұлғайту мәселесі қаралды.

Ақмола облысының Бұланды және Бурабай аудандарында ҚР Премьер-Министріне ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобаларды іске асыру барысы туралы баяндалды. 2019 жылы жалпы 10,3 млрд теңгеге 10 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген.

Макинск құс фабрикасында бірінші кезең іске қосылған, қуаттылығы — жылына 25 мың тонна құс еті. 2020 жылы екінші кезең пайдалануға беріледі, бұл өндіріс көлемін 50 мың тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Ауыл шаруашылығы саласының дамуымен танысу «KazBeef Group» сиыр етін өндіретін ет өңдеу кешеніне бару кезінде жалғасты. Асқар Мамин кәсіпорынның өндірістік цехында болды, онда 2019 жылы қайта жаңартудан кейін әлемдік сапа стандарттарына сәйкес келетін ет өнімдерін өңдеудің соңғы технологиялық шешімдері енгізілген. Кәсіпорынның қуаттылығы — күніне 120 бас ірі қара мал немесе жылына 10 мың тонна ет.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин өңір экономикасын дамыту мен халықтың өмір сүру сапасын арттыруға жүйелі көзқарасты қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың стратегиялық құжаттарда алға қойған мақсаттарына уақытылы қол жеткізуге, және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірге жұмыс сапары барысында берген тапсырмаларының орындалуы үшін барлық күш-жігерді жұмсау керек. Өз кезегінде, Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумын өткізу екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасын дамытуға мықты серпін беріп, бизнес-қауымдастықтардың өзара іс-қимыл аясын сапалы кеңейтуге жол ашады. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге