Медиа орталық

Жаңалықтар

Қазақстан мен Монғолия Премьер-Министрлері екі елдің серіктестік мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Монғолия Премьер-Министрлері екі елдің серіктестік мәселелерін талқылады

Монғол Халық Республикасының Премьер-Министрі Ухнаагийна Хурэлсухтың Қазақстанға ресми сапары шеңберінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен қазақстан-монғол бизнес-форумы өткізілді. 

Форум өз алаңында 200-ден астам қатысушыларды жинады, оның ішінде отандық және шетелдік бизнестің, мемлекеттік ұйымдардың, ұлттық компаниялар мен БАҚ өкілдері қатысты.

«Қазақстанның Бірінші Президенті Н.Назарбаевтың саясатының нәтижесінде қазақстан-монғол бизнесінің ілгері дамуыне септігін тигізетін негіздер қаланды. Президент Қ. Тоқаев сыртқы саясаттағы бағытты одан ары ұстанады және Монғолиямен серіктестікті тиімді дамытуға аса назар аударады,» - деп атап өтті А.Мамин. 

Үкімет басшысы Қазақстан мен Монғолия, екі ел арасындағы инвестициялық серіктестікті жетілдіру үшін зор әлеуетке ие деп айтты, әсіресе, тау-кен өндірісі, көлік-логистика, құрылыс және ауыл шаруашылығы салаларында. 

А. Мамин Қазақстанның инвестициялық климаты жөнінде баяндап берді, сондай-ақ, екі ел кәсіпкерлерін іскерлік байланысты белсенді орнатуға, бірлескен кәсіпорындар құруға және серіктестіктің өзара қолайлы жобаларын іске асыруға шақырды. 

Өз кезегінде У. Хурэлсух Қазақстанның Тәуелсіздік жылдары ішінде және нарықтық экономикаға өту кезеңінде, экономиканың тұрақты дамуы мен инвестициялық климаттың қолайлылығын қамтамасыз ете отырып, зор жетістіктерге қол жеткізгенін ерекшеледі. 

«Сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестікті кеңейту үшін бізде ауқымды мүмкіндіктер бар. Осы бизнес-форум екі ел арасындағы экономикалық және іскерлік қатынастың дамуына ырғақ беретініне сенімдімін,» - деп айтты Монғолия Премьер-Министрі.

Сонымен бірге, форум шеңберінде ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының Басқарма төрағасының орынбасары Нұралы Бөкейханов, сондай-ақ, KAZAKH INVEST, Қаз Агро және Kazakh Expor ұлттық компанияларының өкілдері баяндамамен қатысты. 

Сонымен қатар, екі ел арасындағы серіктестікті одан ары дамыту мүмкіндіктері жөнінде Монғолияның Тау-кен қоры мен ауыр өнеркәсіп министрі Долгорсүрэнгийн Сумъяабазар мен Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және жеңіл өнеркәсіп министрі Чултэмийн Улаан, сондай-ақ, Монғолияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасының басшысы баяндап берді. 

Іс-шараның қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы, экспортты жылжыту, көлік, машина жасау, тау-кен металлургия кешені және фармацевтика салаларында серіктестік мәселелері жөнінде 8 келісімге қол қойылды. 

Тараптар алтын мен күмісті өңдеу бойынша аффинаж зауытының құрылысы, инновациялы ферросиликоалюминий қорытпасын өндіру жөніндегі кәсіпорын, Монғолияның Ұлттық Сауда-Өнеркәсіп палатасы мен Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы арасындағы серіктестік, әуе техникалық қызмет көрсету, ұшу экипаждарын, жерүсті қызмет көрсету мамандарын оқыту, ветеринарлық дәрмектер өндірісіне бірлескен инвестициялар, ветеринарларды оқыту орталықтарын құру және ветеринарлық иммунобиологиялық дәрмектер, сондай-ақ, дәрілік құралдар экспортын дамыту жөнінде құжаттарға қол қойды. 

Қазақстан-монғол форумын ұйымдастырушыретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қатысты. 

2005 жылдан 2019 жылдың 2 тоқсаны аралығында Монғолия Қазақстанға $8,8 млн инвестициялады, ал Қазақстан, өз кезегінде, Монғолияға $26,2 млнкөлемінде инвестициялық салым жасады деп атап өтеміз. Екі ел арасындағы сауда айналымы а.ж. қаңтар-шілде айлары аралығында $40,8 млн құрады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге