Медиа орталық

Жаңалықтар

Шымкентте инвестоларға қызмет көрсететін өңірлік фронт-офис ашылды

Шымкентте инвестоларға қызмет көрсететін  өңірлік фронт-офис ашылды

Шымкентте бизнесті қолдау жөніндегі бірыңғай орталықтың жанында инвесторларға қызмет көрсететін фронт-офис өз қызметін «бір терезе» қағидаты бойынша бастады. Бұл елде инвесторлар үшін арнайы фронт-офистер құру жөніндегі Үкіметтің тапсырмасы шеңберінде ұйымдастырылды.

Орталықтың жұмысымен Шымкент қааласының әкімі Ерлан Айтаханов танысты. Ол фронт-офис бизнес-қауымдастық үшін тиімді алаң болатынын атап өтті. Мегаполис басшысы инвесторларды бірінші кезекте қаланың инвестициялық мүмкіндіктері қызықтырады деп атап өтті және көрсетілетін қызметтерді оңтайландырылған үлгіге ауыстыруды тапсырды.

«Бір терезе» инвестициялар тартудың кезекті нысаны мен әдісі ғана емес, инвесторлармен жұмыс істеудің өзге және жаңа тетігі болуы керек. Бұл ақпараттың қолжетімділігі мен елдегі рәсімдердің айқындығын қамтамасыз етуге, инвестициялық жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде инвесторларға көмек көрсетуге, пайда болған мәселелерді уақытылы шешуге, инвесторлардың мемлекетпен байланысуы үшін бірыңғай нүктесі болуға негізделген. Жалпы «бір терезе» инвесторларға мемлекеттік қызметтерді алу үшін қолайлы шарттар жасап қоймайды, сондай-ақ, рәсімдердің қолжетімділігі мен айқындығын, мемлекеттік органдармен өзара тиімді іс-қимылды қамтамасыз етеді»,-деп атап өтті «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Шымкент қаласы бойынша өңірлік директоры Игорь Копайлов.

Фронт офисте жергілікті атқарушы органдардың, ХҚО, «Атамекен» РКП, «Даму» КДҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың (ӘКК), миграциялық, кеден және салық органдарының мамандары, сондай-ақ, монополисттер, нотариустар мен аудармашылар орын алады.

Инвесторлар мен кәсіпкерлерге мұнда тоғыз бағыттар бойынша қызмет көрсетіледі. Қызметтер тізіміне мемлекеттік қызметтер көрсету, жобаларды сүйемелдеу, маркетингтік және бухгалтерлік қызметтер, мемлекеттік сатып алулар бойынша кеңестер беру, СТ KZ сертификаттау, қаржы мекемелері мен даму институттарының көмегі, бизнестің құқығы мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ, миграция, кеден және салық мәселелерін шешуге қолдау көрсету кіреді.

Бүгінгі күні Шымкент қаласы бойынша KAZAKH INVEST мониторингтік жүйесінде жалпы сомасы $500 млн болатын 8 жоба бар. Оның ішінде металлды өңдеу, ЖЭК, білім беру және медицина салаларында іске асырылу кезеңіндегі 4 жоба бар. Басқа жобалар пысықталу кезеңінде және энергетика, ЖЭК, құрылыс материалдарының өндірісі мен медицина салаларына тиесілі.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге