Медиа орталық

Жаңалықтар

«Оңтүстік» АЭА «FDI Global Free Zones 2018» дүниежүзілік рейтингіне кірді

«Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақ fDi Magazine халықаралық журналдың нұсқасы бойынша «Еркін экономикалық аймақтар-2018» жыл сайынғы жаһандық рейтингінде белгіленді. fDi Magazine басылымы fDi Intelligence таңдамалық орталықпен жарияланады және Financial Times баспа тобына кіреді. Журнал тура шетелдік инвестициялардың жаһандық нарығының беталысын талдауда маманданады. Экономикалық аймақтардың халықаралық рейтингі жыл сайын бүкіл дүниежүзі бойынша инвестициялық жобалардың кез келген тұрпатын бағалайды: ерекше экономикалық аймақтар, экспорттық өнімді өңдеу аймақтары, еркін кемежайлар және басқалар. Жыл сайын сарапшылар әртүрлі номинацияларда бүкіл дүниежүзінің шамамен 50 аймағының жұмысын бағалайды. Рейтинг қатысушылары резиденттердің саны, жаһандық қамту, қолжетімді инфрақұрылым және т.б. сияқты, бір қатар көрсеткіштердің негізінде анықталады.

Арнайы экономикалық аймақтарды бағалау кезінде рейтинг жасалып, «Оңтүстік» АЭА 140 млн.доллар көлемінде Қытайдан инвестициялар тартуда қомақты жетістіктерін атап өтті. fDi Intelligence мәртебелі баспа «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақты мынадай бес номинацияда жеңімпаз деп хабарлады: «China strategy», «Expansions», «Marketing slogan», «Charity initiatives» және «Community outreach award». Аталған номинациялардағы жеңіс резидент-компаниялармен тиімді ынтымақтастығы, инвесторлармен еселі еңбегі және маңызды салалық көрмелер мен конференцияларда қатысуы, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыруы үшін берілді.

«Оңтүстік» АЭА fDi Magazine редакторы Кортни Фингар ханымның «Editor’s choice: «Ones to watch» - «Үлкен перспективалар»» арнайы марапатына ие болу факті маңызды болып табылады. fDi Magazine белгілегендей: “Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» АЭА келешегі бар арнайы экономикалық аймақ ретінде редактордың марапатына ие болды. Шикізат ресурстарына жақын орналасуы және автомобиль дәлізінің бойында пайдалы орналасуы шикізат пен дайын өнімді дамушы нарықтарға тасымалдауға мүмкіндік береді. «Оңтүстік» АЭА аумағында жобаларды іске асыратын инвесторлар бірқатар мынадай преференцияларға ие болады: 2030 жылға дейін уақытша пайдалануға арналған тегін жер теліміне, салықтық және кедендік жеңілдіктерге, сондай-ақ жергілікті басқару органдарының қолдауына. Қытайда өкілдік кеңсе ашу, сондай-ақ Түркияда, Дубай мен Оңтүстік Кореяда роуд шоуда қатысу халықаралық қызметтің шеңберіндегі жетістіктер болды.”

«Оңтүстік» АЭА еркін аймақтардың халықаралық рейтингіне қосу, енді «Оңтүстік» АЭА дүниежүзілік инвестициялық өрісте толық құқықты болуды білдіреді. Foreign Direct Investment Intelligence дипломы – бұл шетелдік инвесторлар мен серіктестер үшін сапа және сенімділік белгісі. Енді, «Оңтүстік» АЭА күшінің нәтижелері халықаралық тануға ие болды.    

«Оңтүстік» АЭА 2005 жылы құрылды және болған жылдары «Бал Тоқыма» ЖШС – кілемдер мен кілем бұйымдарының ең ірі қазақстандық өндірушісі; «Azala Cotton» ЖШС – елдегі мақта тоқмасын шығаратын жалғыз фабрикасы; «Мақтаөнеркәсіпцеллюлоза» ЖШС – Қазақстанда целлюлозаның жалғыз өндірушісі; «АГФ Топтар» ЖШС - «IKEA» әлемде белгілі сауда маркасының ең ірі қазақстандық серіктесі; «Әлем БТ» ЖШС – ең ірі қазақстандық шұлық-ұйық фабрикасы сияқты, сондай-ақ басқа да кәсіпорындар үшін осындай бірегей өндірістердің жайлы алаңы деп ескертеміз.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге