Жаңалықтар

Бас портал

Үнді компаниялары Қазақстандағы күн электр стансаларының және көмір станцияларының құрылысына қатысады

Үнді компаниялары Қазақстандағы күн электр стансаларының және көмір станцияларының құрылысына қатысады

Үнді компаниялары Қазақстандағы күн электр стансаларының және көмір станцияларының құрылысына қатысады.  Тиісті меморандумға Қазақстан делегациясының Үндістанға ресми сапары аясында «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы және Үндістанның ірі энергетикалық конгломераты NTPC Limited арасында қол қойылды. Энергетика министрі Қанат Бозымбаев бастаған делегаттар жаңартылатын энергетикаға, барлау мен өндіруге арналған технологияларды дамытуға арналған PETROTECH-2019 ірі халықаралық конференциясына қатысты.

Министр Бозымбаев «Энергияға қауіпсіз қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша ынтымақтастық» сессиясында сөз сөйледі. Онда Қазақстанның энергетикалық әлеуеті туралы, елдегі энергетикалық секторды жаңғырту туралы егжей-тегжейлі айтып, халықаралық инвесторларды осы саладағы Қазақстанмен ынтымақтасуға шақырды.

Сонымен қатар, Энергетика министірі Үндістанның Мұнай және табиғи газ министрі Дармендра Прадханмен кездесті. Келіссөздер барысында мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті бағыттары, мұнай-газ кен орындарын барлау және игеру саласындағы қазақстандық және үнділік компаниялар арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Үндістанның сауда департаментінің арнайы хатшысы Н.Сивасаманмен келіссөздер барысында сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ екі елдің транзиттік мүмкіндіктерін пайдаланудың экономикалық пайдасы талқыланды. Қазақстан тарапынан Орталық Азия - Үндістан бағытындағы жүктерді тасымалдау үшін Қазақстан-Түрікменстан-Иран теміржол маршрутын Чабахар портына қосуға мүмкіндік беретін Консорциум құру жөніндегі ұсыныстың өзектілігі ерекше атап өтілді.

Сонымен қатар, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Е.Көшербаев пен елші Б.Сәрсенбаев Үндістанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі П.Саранмен кездесті. Тараптар осы жылдың наурыз айында Қазақстан мен Үндістан Қауіпсіздік Кеңесінің үшінші отырысын жоғары деңгейде өткізу туралы уағдаласты.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге