Медиа орталық

Жаңалықтар

Түрік инвесторы қазақстандық Аitas KZ холдингі үшін қағаз қаптама өндірісін қамтамасыз етуге ниет білдірді

Түрік инвесторы қазақстандық Аitas KZ холдингі үшін қағаз қаптама өндірісін қамтамасыз етуге ниет білдірді

Ақмола облысында өтіп жатқан «Дамудың жаңа мүмкіндіктері. Макинка» бизнес-форумы шеңберінде, толық циклды қағаз қаптама өнімінің өндірісін ұйымдастыру және іске қосу жөнінде бірлескен жобаның жүзеге асырылу мүмкіндіктері туралы Cukurova Paper and Packaging Group және АО «Аitas KZ» компаниялары арасында серіктестік меморандумына қол қойылды.

Меморандумға «Аitas KZ» АҚ аттас холдингінің басқарушы компаниясы қол қойды. Оның құрамына өсімдік шаруашылығы, тауық етін өндіру және өңдеу, дистрибуция, жобалау және құрылыс салаларындағы 11 кәсіпорын кіреді.

Түрік инвесторы Cukurova Holding AS инвесторлар тобына кіреді. Аталған компания автокөлік, химия, жеңіл өнеркәсіп, телекоммуникация, құрылыс саласы, банк және сақтандыру қызметі, медиа және ақпараттық технологиялар салаларында ұсынылатын өнеркәсіптік конгломерат болып табылады. Компания қатпакартон қағазынан қаптау материалдарын өндіру жөнінде жобаны іске асыруға ниетті.

Шетелдік инвестор Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Түрікиядағы Елшілігінің және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ бірлескен іс-әрекеті нәтижесінде тартылды.

Өз кезегінде KAZAKH INVEST инвесторларды қолдау жөніндегі шаралар мен функциялар шеңберінде, жобаны идеядан қолданысқа беруге дейінгі барлық кезеңдерде қолғабыс білдіруге дайын. KAZAKH INVEST талдаушыларының бағалауы бойынша бұл серіктестіктің келешегі зор: толық циклды қағаз қаптама өнімін өндіру жөніндегі желі келесі жылы қолданысқа берілуі мүмкін.

Сурет: Аitas KZ

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге