Медиа орталық

Жаңалықтар

Қостанай облысында сиыр етін өндеу және өндіру зауыты ашылады

Қостанай облысында сиыр етін өндеу және өндіру зауыты ашылады

Қостанай облысында 2020 жылға дейін сиыр етін өндеу және өндіру зауыты құрылу мүмкін. Жалпы құны $30 млн болатын жобаны латыш  «Bridge» холдингі канадалық «SureGoodFoods» компаниясымен бірлесе отырып, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ-ның қолдауымен іске асырмақ.

Жобаны іске асыру аясында сиыр етін өңдеудің толық циклын ұйымдастыру жоспарлануда. Соның ішінде бордақылау алаңын, мал союға арналған орнын, өнімді қаптау, мұздату және сақтау орындарын құру. Кәсіпорынның жоспарланған өндірістік қуаты жылына 15-20 мың тонна өнімді құрайды. Ол үшін кәсіпкерлер жыл сайын 42 мың бас малды союды жоспарлап отыр.

«Қазақстан мал шаурашылығын даму саласында үлкен әлеуетке ие. Біз үшін бұл мемлекен өндеу жағынан қызық. Біз сапалы мұздатылған сиыр етін өндіріп ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Бұдан бөлек міндетті түрде «Халал» стандарттарына сай сертификаттаудан өту жоспарда бар. Таптырмайтын жәрдем бізге Kazakh Invest тарапынан ұсынылған. Біз үшін олар жұмыстың бәрін Қазақстан заңнамасына сәйкес жасауға, жеңілдіктер және преференцияларды алуда фасилитатор болады», деді «SureGoodFoods» компаниясының халықаралық сауда бойынша директоры Карим Грана.

Өндірістің жұмысына жергілікті фермерледі тарту жоспарланып отыр, деп ескереді компанияда. Өз кезегіде, бұл халықтың жұмыспен қамту пайызын және табысын, жергілікті кәсіпкерлер және фермерлердің құзіретін арттырып, өткізу нарығын кеңейтіп, жергілікті өнімінің бәсекеге қабілеттігін көтереді.

«Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес қазіргі таңда біз АӨК саласына инвесторларды тарту бойынша жұмысын жандандырудамыз. Біздің компания үшін ауыл шаруашылығы өнімін өндеуі басым бағыты болып саналады. Мультиприкативті әлеуметтік-экономикалық әсер беретің жобалар еліміз үшін өте маңызды. Олар ауыл экономикасын түбегейлі өзгертуге мүмкіндік береді, сондай-ақ технологиялық өндіріс жағына өтіп, жергілікті өнімінің шығару және экспорт көлемін арттырады», - деді  «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Рустам Исатаев.

Айта кету керек, аталған жобаны сәтті жүзеге асырған жағдайда инвесторлар қосымша қой және шошқа етін өңдеу бойынша кәсіпорындарды құруды жоспарлап отыр.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ведомстволық бағынышты ұйым болып саналады. «KAZAKH INVEST» Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіретін «бірыңғай келіссөзші» және инвестициялық преференциялар нысанында инвесторларды мемлекеттік қолдауды және инвестициялық жобаларды іске асыру және одан әрі пайдалану үшін қажетті әртүрлі рұқсаттар мен келісімдер беруді қоса алғанда мемлекеттік қызметтер жүйесіне қол жеткізудің бірыңғай пунктінің рөлін атқарады.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге