Медиа орталық

Жаңалықтар

Нұр-Сұлтан қаласында «Украина - Қазақстан, Орталық Азия» қазақстан- украин бизнес-форумы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында «Украина - Қазақстан, Орталық Азия» қазақстан- украин бизнес-форумы өтті

Форумды Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшілігі, Қазақстанның Украинадағы елшілігі, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Украина Сауда-өнеркәсіп палатасы және ««ЗЕД» Экспорттаушылар мен импорттаушылар қауымдастығы» ЖШҚ ұйымдастырды.

Іс-шараға бизнес, Қазақстан мен Украинаның аймақтық мемлекеттік органдары, бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялар, қаржы институттары, несиелік ұйымдар және БАҚ өкілдері қатысты.

Форум аясында, Украинаның Қазақстан Республикасындағы Елшісі, Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер, ауылшаруашылық және энергетика министрлігінің, «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ, Украина және Қазақстан СӨП, «Украина-Азия» Сауда үйінің өкілдері баяндама жасайды.

«KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілі Диана Аблякимова атап айтқандай, бұл іс-шара барысында инвестициялық, сауда-экономикалық салалардағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге және дамытуға үлкен көңіл бөлінді.

«Қазақстан үшін Украина маңызды стратегиялық серіктестердің бірі болып табылады. Біз инвестициялар саласындағы қазақстан-украин ынтымақтастығының әлеуетін одан әрі арттыруға ұмтыламыз. Ол үшін бізде барлық қажетті тетіктер бар. Бүгінгі таңда Қазақстан инвестициялық әлеуетті жоғары деңгейде және Орталық Азиядағы тікелей инвестиция тарту бойынша көшбасшы болып табылады», - деді Диана Аблякимова іс-шара барысында.

Өз кезегінде Украинаның Қазақстандағы Елшісі Иван Кулеба бизнесті Қазақстан мен Украина арасындағы экономикалық ынтымақтастық процесіне тарту қажеттігін атап өтті.

«Бұл әрекеттер екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастық процесін күшейтеді. Украиналық бизнес Қазақстан үкіметінің реформаларын толық қолдайды. Бүгінгі таңда Қазақстанда инвестиция тарту үшін ең қолайлы жағдайлар жасалды. Елде қол жетімді жеңілдіктер пакеті украиндық бизнес үшін, оның ішінде қазақстандық серіктестермен бірлескен кәсіпорындар құру үшін қызықты. Украиналық компаниялар осы бағыттағы қазақстандық бизнестің серіктесі бола алады», - деп толықтырды Украинаның Қазақстандағы елшісі Иван Кулеба.

Форумның мақсаты - Қазақстан мен Украина арасындағы сауданы ұлғайту, Украинадан Қазақстанға және басқа да Азия елдеріне және қарама-қарсы бағытта тауарларды жеткізу үшін көліктік-логистикалық инфрақұрылымды оңтайландыру, прогрессивті технологияларды, IT жобаларды, инновацияларды және инвестицияларды тарту, Қазақстан мен Украинаның бизнес өкілдері үшін өзара тиімді келісімдер жасасу, сонымен қатар проблемалық мәселелерді талдау.

Сондай-ақ, шара барысында «Өнеркәсіптік тауарлар мен технологиялар», «Ауыл шаруашылығы, тамақ өнімдері», «IT технологиялары, инновациялар және қызметтер» салалық секциялары өткізілді.

Анықтама: Украинадан Қазақстанға ТШИ ағыны 2005 жылғы 0,8 миллион доллардан 2018 жылы 53,4 миллион долларға дейін өсті. (2019 жылдың 1 тоқсанына - 14,2 млн. АҚШ доллары) Жалпы, 2005 – 2019 ж. 1 тоқсаны Украиналық кәсіпкерлердің Қазақстанға 156,6 миллион долларды көлемінде тікелей инвестициялар салды. Сонымен бірге, осы мерзім ішінде қазақстандық бизнестің Украинадағы инвестициялар көлемі 490,5 миллион долларды құрады. Бүгінгі таңда Қазақстанда Украинаның қатысуымен 1559 компания тіркелген, олардың 898-і белсенді жұмыс істейді. 

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге