Медиа орталық

Жаңалықтар

Парижде француз компанияларының қатысуымен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар мен технологиялар тарту жөнінде келіссөздер өткізілді

Парижде француз компанияларының қатысуымен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялар мен технологиялар тарту жөнінде келіссөздер өткізілді

Парижде ҚР СІМ, ҚР Франциядағы Елшілігінің, «KAZAKH INVEST»ҰК» АҚ  мен MEDEF (Францияның кәсіпкерлер қозғалысы) қолдауымен Қазақстан-Француз инвестициялық форумы өтті. Іс-шараға Франция іскерлік тобының 150-ден астам өкілдері қатысты. Қатысушылар Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін, бірлескен жобаларды іске асыру әлеуетін талқылады және Қазақстанның инвестициялық климатына баға берді. 

Елеміздің делегациясын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр басқарды, сондай-ақ құрамына квазимемлекеттік сектор ұйымдарының, ұлттық компаниялар мен бизнес өкілдері кірді. 

«Бүгінгі күні Франция Қазақстанның басты сауда-инвестициялық әріптестерінің бестігіне кіреді, өзара сауда айналымы $50 млрд құрады. Бұдан басқа, уран, мұнайгаз, титан өнеркәсібі, машина жасау, құрылыс материалдар өндірісі, тамақ өнеркәсібі және т.б. салаларда бірлесіп іске асырған ірі инвестициялық жобалар соңғы 14 жыл ішінде Франциядан 15,6 млрд АҚШ долларын тартуға мүмкіндік берді»,-деп атап өтті  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Орынбасары Роман Скляр.

Форумның қатысушылары француз компаниялары тарапынан, Еуразия континентінің елдерін байланыстыратын дәліз ретіндегі Қазақстанға, капитал салуға қызығушылықтар зор екенін атап өтті. 

Осылайша француз іскерлік тобының бағалауы бойынша, Францияның Қазақстан тұлғасында Орталық Азия өңірінде сенімді серіктесі бар екенін атап өтті. Екі ел арасында өзара қолайлы әріптестік орын алады. Мәселен, екі ел арасындағы байланыс нәтижесінде Airbus ұшақтары қазақстандық титанды қолданып салынады, ал Францияның мұнай өңдеу зауыттары мен атом электр станциялары Қазақстанда өндірілген мұнай мен уранды қолданады. Сонымен бірге, Қазақстанда Француз капиталының қатысуымен 130-ден астам компаниялар қызмет етеді. Мұндай компанияларға Alstom, Total, Оrano, Danone, VICAT және т.б ірі трансұлттық компаниялар кіреді.

«Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың ішінде Франция 3-орында. Дамушы стратегиялық серіктестік нәтижесінде, франция өнеркәсібінің мағызды салаларында бірлескен кәсіпорындар құрылды, оның ішінде: металл өнімдері, спутниктік құрылғы, тік ұшақ жасау, мұнайхимия салалары. Қазақстан стратегиясы жоғары технологиялық өндірісті сатып алуға ғана емес, оны ұйымдастыруға да негізделетінін көзіміз жетті. Франция бейнесінде Қазақстан бұл бағытта стратегиялық әріптес тапты деп атап өткім келеді»,-деп айтты Еуропа және Орталық Азиядағы экономикалық дипломатия жөніндегі Францияның сыртқы істер министрлігінің өкілі Паскаль Лоро. 

Қазақстан-француз қарым-қатынасы жаңа кезеңге өтуде, деп атап өтті спикерлер. «Француз технологияларының трансферы қазақстандық бизнес үшін тиімді болуы тиіс. Қазақстан мен Францияның стратегиялық байланысы одан да тығыз экономикалық байланыстар есебінен нығайтылуы керек», - деді Қазақстан-француз іскерлік кеңесінің қос төрағасы Айдан Кәріпжанов.

Экономикалық дамудың шикізаттық бағытынан бой алу үшін Қазақстан отандық экономиканы жаңартуға және индустриаландыруға көшті. Француз бизнесмендеріне үш басым бағыттар бойынша жобалар ұсынылды: баламалы энергетика, ауыл шаруашылығы және цифрландыру. Осылайша, қазақстандық кәсіпкерлердің мақсаты цифрлық технологияларды, инновацияларды қолданатын француздық әріптестерді тарту, сондай-ақ, 4.0 Индустрияландырудың элементтерін енгізу болып табылады. Аграрлық секторға ереше назар аударылуда, мәселен бұл салада жаңа технологияларды енгізіп өнімділікті арттыру және ауылшаруашылық өнімді өңдеу, кейін оны экспортқа шығару, осы саланы дамытудағы басымдық ретінде анықталады. АӨК өніміне сұраныстың артуы француз компанияларының Қазақстандық экспортқа бағытталған өнімдеріне инвестициялау үшін маңызды базасы болады. Бұл ретте, болжам бойынша қазақстандық ауылшаруашылық және қайта өңделген өнімге деген сұраныс арта бермек.

Бизнес-форумның форматы әр бағыт пен салалық тауашалар бойынша инвестициялық мүмкіндіктерді талқылауды қарастырды. Форум қатысушылары инвестициялау және Қазақстанда қызметті кеңейту мүмкіндіктері туралы екі ел арасындағы байланысты нығайту және іскерлік қауымдастық үшін әлеуеттер жөніндегі арнайы сессия барысында ақпарат алды. Бұдан басқа, Қазақстанда бизнес жүргізудің мүмкіндіктері мен тәжірибелік аспектілері, жаңа экономика мен цифрландыру мүмкіндіктері, сондай-ақ, геологиялық барлау, жаңа энергетика және ресурстық тиімділік мәселелері, индустриалды даму және мемлекеттік қолдау шаралары туралы толық мәлімет берілді.

«QazIndustry» Қазақстандық индустрия және экспорт орталығы» АҚ ұсынған индустриалды даму және кәсіпорындармен өзара іс-қимыл тетіктері жөнінде презентацияға қызығушылық жоғары болды. Презентация барысында мемлекеттік қолдау шаралары, оның ішінде инвестициялық жеңілдіктер, түрлі салықтардан, кедендік баж бен импорттық құрылғылар мен шикізатқа салынатын баждан босатылған 12 арнайы экономикалық аймақтың қызметі жөнінде айтылды.

Өз кезегінде, француз компанияларының өкілдері реформалардың орындылығын және инвестициялық климаттың жақсарғанын атап өтті. Мәселен, инвесторлармен «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет тетін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ құрылуы инвестициялық жобаларды іске асыруға айтарлықтай қолайлы жағдай жасайды.

Форум алаңында техникалық газ тасымалдау жөнінде Air Liquide Karabatan Tech Gases пен Kazakhstan Petrochemical Industries (KPI) арасында ұзақмерзімді шартқа қол қойылды. Келісім шарт «Ұлттық индустриалды мұнайхимия технопаркі» АЭА аймағында құрғақ сығылған ауа мен азот өндірісінің құрылысын және оны Интегралды газхимия кешеніне жеткізуді қарастырады. Мұндай келісім шарттың орнатылуы Air Liquide компаниясының «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ қазақстандық мұнай компаниясымен бірлесіп құрылған кәсіпорын қызметін Қазақстанда дамытудаағы зор қадам.

Сонымен бірге, форум шеңберінде делегация басшысы 10-ға жуық екі жақты кездесулерді өткізді. Аталған кездесулерге энергетика, мал шаруашылығы, минералдарды барлау, мұнай газ өнеркәсібі, цифрландыру және автоматтандыру салаларындағы жобаларды іске асыру жөніндегі компаниялардың, оның ішінде IDEMIA, AIRBUS GROUP, CNCR Group, ORANO MINING, Bureau Veritas, IFP Energies Nouvelles және т.б. компаниялардың өкілдері қатысты.

Бұдан басқа, қазақстандық бизнестің B2B және B2G форматында екіжақты кездесулері ұйымдастырылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге