Жаңалықтар

Бас портал

Сауд Арабиясында Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды

Сауд Арабиясында Қазақстанның инвестициялық және сауда-экономикалық мүмкіндіктері таныстырылды

Сауд Арабиясы Корольдігіндегі ҚР Елшілігінің және Эр-Рияд сауда-өнеркәсіп палаталары мен Аш-Шаркия провинциясының қолдауымен Даммам және Эр-Рияд қалаларында өткізілген воркшоп аясында сауда, инвестициялар және туризм саласындағы Қазақстан-Сауд ынтымақтастығы мәселелері талқыланды.

Екі күндік шараға Қазақстан тарапынан Қазақстанның КСА-дағы Елшісі Б.Арын, "KAZAKH INVEST "ҰК" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Тилинин, сондай-ақ бірқатар қазақстандық туристік компаниялардың басшылығы қатысты.

Сауд тарабын Шығыс провинциясының ТПП төрағасы А. Альхальди, Эр-Рияд және Аш-Шаркия сауда палаталарының мүшелері, сондай-ақ 80-нен астам компаниялардың өкілдері қатысты. Олардың арасында "Zamil Group", "Al Hokair Holding Group", "Al Fanar Company", "Arab Petroleum Investment Corp.", "Awad Group", "Saudi Fund for Development" және т. б.

Өз сөзінде Елші Б.Арын қатысушыларға Қазақстанның негізгі экономикалық жетістіктері, сондай-ақ шетелдік инвесторлар үшін қолайлы бизнес-климат құру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Сонымен қатар, дипломат Сауд Арабиясының бизнесмендерін Қазақстандағы түрлі инвестициялық жобаларға қатысу және қазақстандық серіктестермен байланыс орнату арқылы жұмысты жандандыруға шақырды. Шетелдік бизнесмендер Қазақстанға бар мүмкіндіктермен және перспективалы жобалармен танысу үшін шақырылды.

Сондай-ақ қазақстандық делегацияның мүшелері тақырыптық презентациялармен сөз сөйледі. KAZAKH INVEST өкілдері қатысушыларды ҚР Үкіметі қабылдаған ел экономикасының түрлі секторларына инвестиция тарту шараларымен таныстырды. Шетелдік бизнесмендер үшін жасалған және Қазақстанда тиімді әрі ашық бизнес жүргізуге мүмкіндік беретін шарттар ұсынылды. Олардың қатарында визалық режимді ырықтандыру, инвесторлардың құқықтарын қорғау, әкімшілік кедергілерді төмендету және т. б. бар.

Таяу Шығыс аймағының ерекшелігін ескере отырып, қазақстандық өкілдер Сауд Арабиясының бизнесмендерін АХҚО қызметі шеңберінде Қазақстанда исламдық қаржыландыру секторының дамуымен таныстырып, Орталық тек Орталық Азия, Еуропа және басқа өңірлер үшін ғана емес, сонымен қатар Таяу Шығыс елдері үшін де эксклюзивті қаржы хабы болып табылатынын атап өтті.

Қатысушыларға Қазақстандағы туристік мүмкіндіктер таныстырылды: бүгінгі таңда еліміздің туристік кластері даму үшін үлкен әлеуетке ие және туризмнің барлық түрлерін: экологиялық-іскерлік туризмге дейін ұсынуға қабілетті.

Жалпы, воркшоп барысында қатысушылар іс-шараның ұйымдастыруын жоғары бағалады. Мысалы, "Zamil Group" компаниясының негізін қалаушы Абдурахман Замиль ел экономикасын реформалау және шетелдік инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша Қазақстан басшылығы мен Үкіметі қабылдаған қадамдарға жоғары баға берді. Ол әріптестерін Қазақстанның инвестициялық жобаларына белсенді қатысуға шақырды, сондай-ақ осы бағытта стратегиялық серіктестік орнатуға дайын екендігін білдірді.

Іс-шараның негізгі бөлігі аяқталғаннан кейін қазақстандық және сауд компаниялары арасында B2B форматында кездесулер өткізілді. Кездесулер барысында қабылдаушы тарап түрлі салалардағы нақты инвестициялық жобалармен танысты және бизнес үшін барынша қызығушылық тудыратын бағыттар бойынша бірлескен іс-қимылды одан әрі үйлестіру үшін байланыстар орнатылды.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге