Жаңалықтар

Бас портал

Валерий Вавилов: «Қазақстан үлкенәлеуетке ие»

Валерий Вавилов: «Қазақстан үлкенәлеуетке ие»

Қазақстан өте қызықты және тиімді инфрақұрылымды құрып жатыр. «Сандық Қазақстан» бастамасы экожүйежәнестартаптар үшін өте маңызды. Бұл пікірді Bitfury Group компаниясының бас директоры және көпсалалы блокчейнкомпаниясының негізін қалаушы Валерий Вавилов Үшінші Жыл сайынғы Жаһандық Инвестициялар бойыншаДөңгелек үстелде (KGIR-2019) айтты.

Бизнесті бастауға елді тандап жатқан кез-келген инвестор үшін инфрақұрылымның болуы аса маңызды мәселе. Қазақстан жасаған ең басты артықшылықтарының бірі - инвесторлар үшін «бір терезе» қағидаты. «Жаңа АХҚО – мені Қазақстанда бизнесті жүргізуге шабыттандырған. Біз іздестірдік, қайда және қандай стартаптарды бастауға болады.Бізге не қажет болды? Қауіпсіздік, айқындық, қарапайымдылық және инновацияны қолдау. Сондықтан, әрине, Астана халықаралық қаржы орталығы бізді таңғалдырды, бұл жерде бәрі дайын», - деді Валерий Вавилов KGIR-2019 пленарлық отырысына.

Сонымен қатар, Валерий Вавилов инвестордың тандауына әсер ететін факторлары туралы отырыстың қатысушылармен бөлісті. «Халықаралық бизнес үшін ең бастысы ол қауіпсідік және «бір терезе» қағидасы», - деді спикер.

Бұдан бөлек, Валерий Вавиловтың ойынша, инновацияларды қолдау – маңызды мәселелердің бірі. «Бүгін біз табиғи ресурстарына негізделген экономикадан деректерге негізделген экономикаға көшудеміз. Әртүрлі мәселелерді шешуге көмектесетін бірнеше жаңа технологиялар жасауды қалайтын түрлі технологиялық компаниялар бар. Егер біз цифрлық экономика туралы айтатын болсақ, бір жағынан, әлем сандық жүйеге көшті, ал екінші жағынан, біз қағазды әлі қолданып келеміз. Менің ойымша, бұл жерде іске қосылған «Сандық Қазақстан» бастамасы экожүйе және стартаптар үшін өте маңызды», - деп толықтырды Валерий Вавилов.

Шетелдік бизнесменнің айтуынша, Назарбаев университетінде қолданып жатқан заманауи технологиялар оны қатты таңғалдырды. «Менің ойымша, осы күнге дейін құрылған экожүйесінде Қазақстанда үлкен әлеует бар».

Ол кез-келген ел үшін маңызды болатын екі негізгі фактор бар деп санайды. «Бұл адами капитал, біздің миымыз, екіншісі деректерге қолжетімділік. Қазіргі таңда деректер көлемі жылдам өсіп келе жатыр. Соңғы екі жылда біз, адамзат ретінде, барлық деректердің 50% жинақтадық, бұл үлкен сан. Сондықтан көптеген адамдар «бұдан кейін не болады, қандай деректер болады?» деп сұрайды. Және кез-келген Үкіметтің, кез-келген елдің негізгі деректер жеткізушісі – бұл азаматтар. Деректер жинайтын көптеген қызметтер бар екенін білесіз. Бұл елде деректерді тиімді басқару және сақтау жүйесін құру үшін стартаптарға осы экожүйеге жол ашу керек, бұл өте маңызды », - деді Валерий Вавилов.

Дегенмен, Валерий Вавиловтың пікірінше, қазіргі кезде деректер базасымен жұмыс істеу өте маңызды. «Біз бұл деректерді қалай сақтауға және қалай басқаруға болатынын білуіміз керек, осылайша біз стартаптарға жол беріп, олармен жақсы ынтымақтастық жасауымыз керек», - дейді ол.

Деректерді талқылаған кезде, біз барлық деңгейдегі деректер туралы айтып жатырмыз. Мысалы, біз кез-келген деректерді жинау үшін қазіргі таңда әртүрлі құрылғыларды қолданамыз.

«Бұл төлем жүйелері ғана емес, бұл тек бір вертикаль. Деректерді қалай жинаймыз, мысалы, әр түрлі жолдар туралы, кептелістер туралы – бұл басқа вертикальдар. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында, адамдар электр қуатын, суды, газды қалай тұтынады. Мен пайдаланатын және жинайтын деректердің бүкіл әлемі туралы айтып отырмын. Егер біз, егер ел осы деректерді тиімді сақтауды және осы деректерге стартаптарға қолжетімділікті қамтамасыз етсе, олар осы саладағы кез-келген мәселелерді шешуге жол табады», - деп санайды Валерий Вавилов.

Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге