Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
CASPI BITUM
  • 450 мың тонна сапалы битум
  • 1 млн. өңделген мұнай
  • 2009 жылы негізін қалады

- Чжао Цзинчжун мырза, компанияның қызметі туралы қысқаша айтып беріңізші.

«CASPI BITUM» жол саласын жоғарғы сапалы жол битумымен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриалды-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде құрылғанын атап өту қажет. Негізгі жұмыс бағыттары: қышқылданған және модификацияланған жол битумын өндіріп мұнайды қайта өңдеу. Мұнай ұзақтығы 220 км болатын «ҚазТрансОйл» АҚ мұнайқұбыры жүйесі бойынша Қаражанбас кенорнынан жеткізіледі.

- Компания Қазақстанда қай уақыттан бері қызмет етеді және қандай жетістіктерге қол жеткізді?

2013 жылдың 20 желтоқсанында Индустриаландыру күні және Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен жалпыұлттық телекөпір шеңберінде Битум зауыты іске қосылды. Зауыт іске қосылғаннан бері 450 мың тонна сапалы битум өндірілді. Өндірілетін битумның сапасына тұтынушылар тарапынан ешқандай мін болмады және болшақта кәсіпорын шығарылатын өнімнің сапасын одан ары жақсартпақ.

- Сіз компанияның әлеуеті қандай деп көресіз, және жақын болашақта сіздің жоспарыңыз қандай?

Жақын болашақта біз өз өніміміздің ассортиментін кеңейтпекпіз және суыққа және қолдануға төзімді сипаттағы жақсартылған полимер-модификацияланған битум өндірісін бастамақпыз. Мұндай битумның қызмет ету мерзімі бірнеше есеге көп. Бұдан басқа, мұндай материал тек автожолдарды ғана емес, сондай-ақ, ұшу алаңдарын да құрылғылау кезінде қолданылуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында 650 тонна көлемінде Өзбекстан Республикасына жол битумының бірінші тікелей экспорттық жөнелтілімі іске асырылды. Болашақта Битум зауытының өнімі Таяу шетелдер нарығына жеткізілетін болады.

Сонымен бірге, зауыт жоспарына экспорт географиясын кеңейтуден басқа, жеткізу құрылымын кеңейту кіреді, мәселен, тек темір жол цистерналары мен автоцистерналармен ғана месе, сонымен бірге, сыйымдылығы 1000 кг дейін «Биг-Беги» (ЖБРК-жұмсақ бір реттік контейнерлер) мен сыйымдылығы 40 кг болатын қаптар ретіндегі екі түрлі полимерлі бір реттік қолданылатын көліктік ыдысқа салынған салқындатылған түрдегі жол битумын жеткізу ұсынылады.

Кәсіпорын ретінде біздің негізгі мақсаттарымыз бар – техникалық жекешелікті жетілдіруге үздіксіз жүру, технологиялық процесстерді оңтайландыру, саладағы жетекшілікті сақтау, нарықта бәсекелестік басымдыққа қол жеткізу. Кәсіпорынды дамытудағы біздің қозғаушы күш ретінде, басқару деңгейін үздіксіз арттыру, жоғарғы өнімділікті қалыптастыру, сау және кәсіби коллективті дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.

- Біздің ел туралы өзіңіздің жеке пікіріңіз туралы айтып беріңізші

Қазіргі уақытта Қазақстан мен Қытай дамудың негізгі кезеңінде, және битум зауыты оған бірден бір. Мемлекет басшысының бизнесті дамыту мәселелеріне назар аударуына байланысты Қазақстанда жақсы инвестициялық климат қалыптасқан. Бұдан басқа, өңірлік деңгейде біздің кәсіпорынға жан-жақты қолдау көрсететін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ өкілеттігімен және Маңғыстау облысының әкімдігімен тығыз серіктестік етеміз. Сонымен бірге, ет пен сүт өнімдеріне бай ұлттық асханасы бар қазақ халқының қонақжайлығын ерекше атап өту керек.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге