Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
VICAT
  • 1,4 миллион тонна цемент жылына
  • 6700 қызметкерлері
  • 1853 құрылтай жылы

- Кала мырза компания Қазақстанда қай уақыттан бері қызмет етеді және қандай нәтижелерге қол жеткізді?

VICA тобы өзінің көпұлттылық стратегиясы шеңберінде Қазақстанға 2005 жылы немесе бұдан бұрын назар аударды. Біз көптеген әлеуетті жобаларды зерделедік, біздің техникалық мамандар мен қаржыгерлер Қазақстанда өзінің бірінші цемент зауытын салу үшін қолайлы мүмкіндіктерді бағалау мақсатында осы жерде бірнеше жыл қызмет етті. 2007 жылдың соңында VICA тобы Алматы қаласынан 400 км орналасқан Балқаш көлінің жағалауындағы Мыңарал ауылында цемент зауытын салу жобасын әзірледі. Учаске Алматы-Астана көлік магистралінің бойында орналасуына байланысты, қолайлы жерде тұр деп есептедік, ол жер елдің басты құрылыс нарықтарына қолжетімді.

2011 жылдың басында зауыт іске қосылды, және қысқа уақыт ішінде компания ең жоғарғы талап етуші тапсырысшылардың оң бағасын алған жоғарғы санатты өнімін ұсына отырып нарыққа шықты. «Жамбыл Цемент» цемент өндірісі зауыты тез арада танымал болып, елдегі жалпы тұтынудың 15%-ын құрады.

Қазіргі уақытта «Жамбыл Цемент» жылына 1,4 млн. тонна цемент өндіреді және өнімнің бір бөлігін көрші мемлекеттерге экспорттайды. Зауыт негізін қалағаннан бері 250-ден астам өндірістік жұмыс орындары құрылды, және тағы 450 адам мердігерлік ұйымдарда жұмыс істейді. «Жамбыл Цемент» жергілікті мамандарды таңдауға және әзірлеуге көп инвестициялайды, сондай-ақ, қызметкерлердің негізгі бөлігі зауытқа жақын жерде тұрғанына тырысады. Осы мақсатпен біздің қызметкерлер үшін зауыт жанынан көппәтерлі үйлер салынды.

- Қазақстанда осындай ірі жобаны іске асыратын инвестор ретінде сіздің тәжірибеңіз қандай?

Бұл жоба үшін біздің компания қаржы ресурстары мен техникалық мамандарды бөліп қана қоймады, басқару мәдениетін басқаруға, дамытуға және халықаралық қатынасты құруға көп күш жұмсады. VICAT тобының өкілі ретінде біздің ортақ мақсаттарға қол жеткізуіміз, Франция мен Қазақстан арасындағы достастықты одан ары дамытатынын айтпағанда, барлығымыз үшін қосымша басымдық әкеледі деп сенемін. Жобаны екі жақ тарап: Франция үкіметі де, Қазақстан үкіметі де қолдады деп атап өткім келеді. Осындай жоғары деңгейде біздің құрметті президент Мерсерон-Вика мырза жобаның дамуына жеке қызығушылық танытқан Елбасы Назарбаевпен бірнеше рет кездесті.

- Сіз компанияның әлеуеті қандай деп көресіз және компанияның жақын болашақтағы жоспарлары қандай?

VICAT тобының корпоративтік мәдениеті 1817 жылы Лун Вика жасанды цементті өндіргенде негізін қалаған ежелгі дәстүрді ұстанады. Міндеттерімізді құру барысында біз тұтынушыларымызға жақындық, жедел әрекет ету, инновацияларды және бизнеске қатыстылық сезімін енгізу қағидаларын басшылыққа аламыз. Біз үнемі ұзақмерзімді мақсаттарды ескере отырып ойланамыз, шешім қабылдаймыз және әрекет етеміз. Біз әрдайым ресурстар жайлы ойланамыз және тұрақты дамуды мақсат етеміз. VICAT екі ғасырлық тарихы бар ұйым. Осындай кәсіби жетістіктерге көп компаниялар жете бермейді. 

Қазақстандағы біздің мақсатымыз шикізаттық ресурстардың жеткіліктілігін, елдің әлеуметтік дамуы мен инфрақұрылымның техникалық дамуына салымды ескере отырып, жүз жылдан кеме емес жұмыс істейтін компанияны құруға негізделеді. Бұл үшін «Жамбыл Цемент» қаржы қатынасы тұрғысынан тәуелсіз болуы тиіс және уақыт өте келе өзінің өндірістік құрылғысын жаңартуға және жетілдіруге қабілетті болуы тиіс.

- Біздің ел туралы өзіңіздің жеке пікіріңіз туралы айтып беріңізші.

Жас ұрпақтың дамуға және алға жүруге тырысатын жылдам дамушы елде тұруы ғажап. Адамдар жылы шырайлы және жарқын болашақта өмір сүргілері келеді, сол үшін Қазақстандағы өмір мен үшін керемет және ілгері жүруге ынталандырады. Қазақстанда тұрып қызмет еткен адам мол тәжірибе жинайды. Сіздердің мәдениетіңіз, дәстүріңіз және қонақжайлықтарыңыз таңдандырады. Айтпақшы, біз сіздердің жергілікті ұлттық тағамдарыңыздан дәм таттық, бізге өте ұнады.  

Өз ісінің маманы ретінде, Қазақстан осы елде қызмет ететін француз компанияларын және оның азаматтарын сенімді әріптестер ретінде көретініне  сенімдімін.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге