Жетістік тарихы

Жетістік тарихы
BASF
  • 1992 жылы Орталық Азияда BASF қызметі басталды
  • 2002 жылы Алматыда құрғақ қоспалардың алғашқы өндірісін іске қосты
  • 2005 сұйық қоспалар өндірісінің басталу жылы

- Сауле, BASF концерні туралы қысқаша айтып беріңізші.

- BASF химия өнеркәсібіндегі әлемдік кошбасшы болып табылады. Концерннің ұсыныстар портфелінің құрамына мұнай мен табиғи газ, сондай-ақ, химикаттар, пластмасса, арнайы химикаттар, ауыл шаруашылығы үшін өнімдер мен дәрі-дәрмек, парфюмерия химиясы кіреді. BASF барлық өнімдері мен жүйелі шешімдері жоғарғы сапалы, сондай-ақ, ғалам ресурстарын сақтауға және адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Мұндай бағыт компанияның «біз тұрақты болашақ мақсатында химия әзірлейміз» ұранына сәйкес келеді.

- Компания Орталық Азия нарығында қай уақыттан бері жұмыс істейді және қандай нәтижелерге қол жеткізді?

BASF қызметі Орталық Азияда 1992 жылы Қазақстанда өкілеттіктің ашылуынан және агрохимия бойынша сатылымдар шешімінен басталды. Кейін, 2002 жылы Алматы қаласында бірінші құрғақ қоспалар өндірісі, ал 2005 жылы сұйық қоспалар өндірісі іске қосылды. 2006 жылдың шілде айында Астана қаласында бетон қоспаларының өндірісі ашылды, ал 2016 жылы зауыттың 10-жылдығына эпоксидті материалдар өндірісінің желісін іске қостық. Бүгінгі күні, "БАСФ Центральная Азия" ЖШС өңірде белсенді жұмыс істеуде және жоғарғы сапалы материалдардың сенімді өндірушісі атағына ие.

Компанияның басты офисі Алматы қаласында орналасқан және Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан нарықтары үшін өңірлік орталық болып табылады. Атырау қаласындағы өкілдіктен басқа, Ташкент және Ашхабад қалаларында өкілдіктеріміз бар. Компания Алматы және Астана қалаларында жеке құрылыс химиясының өндірісіне ие және тапсырыс берушілер үшін ауқымды техникалық кеңестер ұсынады.

Қазіргі таңда BASF Қазақстан Республикасының тау-кен өндірісі, көлік, агроөнеркәсіп, құрылыс, мұнай және газ сияқты басты салаларында ұснылған. Компания өз өнімдерін, шешімдері мен ноу-хоу ұсына отырып, барлық негізгі салаларда қатысуын одан ары кеңейтуді жоспарлауда.

- Біздің білуімізше, Сіз осы өңірдегі компанияның бірінші қазақстандық басшысы болдыңыз. Компанияда қай уақыттан бері қызмет етесіз және басшылық етуде қандай да бір қиыншылықтарға тап болдыңыз ба?

- 2004 жылы Астана қаласындағы өкілдіктің директоры болып тағайындалдым. Біз Қазақстанның шығыс, солтүстік және орталық өңірлеріне жауап бердік және кейіннен BASF компаниясы сатып алған USTA брендімен жұмыс істедік.
2006 жылы компания басшылығы Астана қаласында бетонға қоспалар қосу бойынша зауыт ашу жөнінде шешім қабылдады. Бұл біздің сатылымның солтүстік өңірде белсенді дамуымен, климаттық шарттармен және логистикалық шығындарды қысқартумен байланысты болды. Соңғы үш жарым жыл ішінде құрылыс химиясы бөлімшесі өңірдегі ең динамикалы дамыған болып танылды. Бізде тұрақты сатылым болды, біз сан жағынан ғана емес, сондай-ақ, сапа жағынан да жоғары көрсеткіштер көрсеттік. 2012 жылдың қарашасында мен Орталық Азия бойынша Құрылыс химиясы басқармасының жетекшісі міндетіне кірістім және Алматы қаласына көштім.

2016 жылы «БАСФ Центральная Азия» ЖШС бас директорының лауазымы ұсынылды. Әрине, бұл мен үшін үлкен сынақ болды, алайда менің өңірді тану білімім мен зор тәжірибем, және менің алдымдағы қызметкерлердің еңбегі компанияны Орталық Азиядағы алдыңғы қатарлы бизнеске айналдыратынына сенімдімін.

Менің ойымша, біздің өнімдерге, жобалар мен тұтынушыларға деген оңтайлы шешімдеріміз өндірісті дамытуға және жаңа бағыттар анықтауға ғана мүмкіндік беріп қоймай, біздің елдің индустриалды даму әлеуетін кеңейтеді.

Біз KAZAKH INVEST ұлттық компаниясымен серіктестікке қуаныштымыз, себебі ол кеңес беруден бастап, жобаны іске асыруға дейін барлық қолдауды көрсетеді, сондай-ақ, инвесторлар мен мемлекет арасындағы маңызды әрі негізгі байланыстырушы болып табылады.

- Сауле, сұхбатыңызға рахмет! Сізге және BASF компаниясына сәттілік пен өркендеуді тілейміз.


Қолданбасын орнатыңыз:
1) Ашыңыз сайты Safari
2) сақтау Түймешігін түртіңіз
3) Қосу экран үйге